«Менің мамандығым – менің тағдырым» байқауы басталды

Жаңалықтар
27.01.2023, 09:03
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Ұлттық компания мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында «Менің мамандығым – менің тағдырым» атты байқау басталды.

Байқаудың мақсаты – теміржол саласындағы үздік қызметкерлерді анықтау, теміржолшы мамандығын насихаттау, қызметкерлердің өзара қарым-қатынасын арттыру және еңбек мәдениетіне тәрбиелеу. Осы ретте, Компания қызметкерлерінің әрқайсысының жеке басының маңыздылығын, олардың Компания қызметіндегі және корпоративтік мәдениетін дамытудағы үлесін мойындау мақсатында бірқатар аталымдар бойынша жүлделер тағайындалып отыр. Атап айтсақ, «Идеалдарға адалдық» аталымы Компания құндылықтарын тарату және темір жолға көп жыл адал еңбек еткені үшін тағайындалса, «Бәрі де мүмкін» аталымы Компания үшін маңызды жобаны іске асыруға мақсат қойған қызметкерлерге берілмек. «Жан-жақтылық» аталымы байқау жеңімпазына кәсіби жетістіктері мен қоғамдағы белсенді ұстанымы үшін, «Ең мықты буын» аталымы кәсіби дағдыларды ұтқыр пайдаланғандар үшін, «Болмыстың жеңілдігі» аталымы Компания проблемаларын шешу үшін өз қасына әлеуметті белсенді адамдарды жинап, талантты ұйымдастырушы мен көшбасшы ретінде өзін көрсете білгендерге, ал «Күш – махаббатта» аталымы қоғам мойындаған және қайырымдылық қызметін ілгерілеткен, сондай-ақ адамды сүю мен мейірімділік танытқан жандарға тағайындалмақ. Ал «Орындауға шабыттандырады» аталымы үздік тәлімгерлерге берілмек. Байқаудың шарты бойынша байқауға қатысуға тілек білдірген үміткер бір ғана аталым бойынша қатыса алады.  

Байқау кезінде қызметкерлердің еңбекке деген адалдығы, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмысты үздік ұйымдастыруы, Компания жұмысының тиімділігін арттыруда, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда, өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді орындауда қосқан орасан зор үлестері, еңбектері есепке алынады.  

Байқауға қатысушылардың жасына шектеулер жоқ, дегенмен Компанияда бес жылдан кем емес уақыт еңбек өтілі болуы тиіс. Байқауға қатысушы үміткер өтінім, түйіндеме, әртүрлі планда, электрондық форматта 4 дана суретін, бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан жарияланымдарын, диплом, грамота, сертификаттарын, өз мамандығына деген махаббатын, мамандықты таңдаудағы себептерін, кәсіби жетістіктері мен нақты ерен еңбектерін ашып көрсететін эссе жазып және жұмыс орындарынан анықтама қағазын тапсырулары тиіс. Өтінім үміткерлердің өздерінен де, ұжымнан да қабылдана береді. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жұмыс органы тарапынан үміткерлерден келіп түскен материалдар мен өтінімдер қаралатын болады. Осы кезеңде тапсырған құжаттары байқау ережесі талаптарының үдесінен шықпаған үміткерлер автоматты түрде алынып тасталынады. Екінші кезеңде қазылар алқасы 2,3 орындар жүлдегерлері мен байқау жеңімпазын анықтайды. Байқауға өтінімдер 2023 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.
 

Өтінім

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты