Петропавлда отандық вагондар шығарыла бастады

Жаңалықтар
30.01.2023, 13:27

Петропавлда жолаушылар вагонын шығаратын өндіріс іске қосылды. Бұл вагондар жолаушыларды тасымалдауда қолайлы болу үшін дизайнына, қауіпсіздігіне, жайлылығына ерекше мән берген, тіпті әлемдік талаптарды ескере отырып жасалған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кәсіпорын алғашқы бес вагонды құрастырып шығарды. Оған «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол желісі ұлттық операторы тапсырыс берген. Айта кетерлігі өндіріс Қазақстанның Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Аталған купе вагондар 36 жатын орынға есептелген. Шығарылып жатқан вагондардың жоғары автономдылығы олардың 24 сағат бойы үздіксіз жүруіне мүмкіндік береді, яғни ұзақ қашықтықтағы маршруттар үшін тиімді. Оған қоса бұл вагондар сағатына 160 км жылдамдықпен жүруге қауқарлы, ығайлы әрі жылдам. Мұндай жылдамдықпен тоқтаусыз жүрген пойыз Астанадан Алматыға дейінгі қашықтықты, яғни 1354 шақырым теміржолды 10 сағатқа жетпей жүріп өте алады.

Жолаушылардың жайлы жетуі үшін жаңа вагондар жан-жақты ойластырылып жасалған. Атап айтқанда, әрбір купеде эргономикалық талаптарға сай жасалған ұйықтау орындары, бас тіректер және жеке жарықдиодты шамдар бар.

Мобильді құрылғыларды қуаттау үшін бөлмеде екі USB порты және екі тоқ көзі бар, осылайша купедегі жолаушылар бір уақытта гаджеттерін қуаттай алады. Оған қоса купеде  тоңазытқыш пен микротолқынды пеш қойылған, ол тағам мен сусындарды сақтауға және жылытуға мүмкіндік береді, яғни ұзақ сапар кезінде қызмет сапасынның жоғарылығын толықтай сезіне аласыз. Вагон ішіндегі ауаны тазартып, желдетіп отыратын құрылғылардың қамтылуы да сіздің сапарыңызды одан сайын жайлы ете түседі.

Мамандар "ЗИКСТО" АҚ шығарып жатқан вагондардың сапасы өте жоғары екенін әрі көп жылдар бойы қызмет көрсетуге жарамды екенін айтады. Олар 40 жыл бойы пайдалануға арналған, ұзақ қызмет ету мерзімі бар және тозуға төзімділігі жоғары заманауи материалдарды пайдаланған. Мәселен, коррозиялық-инертті болаттарды, композиттік материалдарды, шыны талшықтарды, полиуретанды эмаль­дарды қолданумен қамтамасыз етілген. Бұл вагондар 10 жылдан кейін де жап-жаңа күйінде болмақ.

Вагондар салынған сәттен бастап бірінші депо жөндеуге дейін 500 мың шақырым жүруге арналған. Осылайша, олардың жоспарлы жөндеу жұмыстары екі жылда бір рет қана болмақ.  

Ал, вагондардың бағасына келсек, олар елімізде жасалып жатқан өзге кәсіпорындарға қарағанда айтарлықтай төмен. Бірақ сапасы, сипаттамасы, функционалдық және конструктивтік артықшылығы жағынан олардан кем түспейді. «ЗИКСТО» АҚ сарапшылары оператордың жалпы құны өзгелерге қарағанда шамамен 2 есе төмен болады деп есептейді. Аса қымбат емес вагондарды пайдалану кеңестік үлгідегі және бұрынғы кеңестік кезеңдегі ескірген вагондарды алмастыруға мүмкіндік бермек.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды