Маңғыстау қосалқы бөлімінде кітап көрмесі ұйымдастырылды

Жаңалықтар
30.01.2023, 15:28
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында «Қазақ әдебиетінің тұлғасы» Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау мақсатында Маңғыстау ауылдық кітапханасы Маңғыстау қосалқы бөлімінің ғимаратында  жылжымалы көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Айта кету керек, аталған  республикалық акция 2007 жылдан бастап  Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздің Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалары қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

– Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарлатуына мүмкіндік туғызады. Осы мақсатта бүгін теміржолшыларға аталған көрмені өткізіп отырмыз, – дейді ұйымдастырушылар.  

Биыл «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылды.

Төлен Әбдік – қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер.

– Ол кісінің шығармалары 1964 жылдан бастап түрлі газет-журнал беттерінде жарияланған. Төлен Әбдіктің алғашқы шығармасы университет қабырғасында көңіліне ұнаған бойжеткенге байланысты жазылған. Замандастарының айтуынша, сол күнде жас та болса сол әңгімесі өз ортасында біраз талқыланып, жақсы бағаланған. Сондықтан теміржолшыларды бұл тұрғыда хабардар етіп, кітап оқуға қызығушылығын ояту мақсатында келіп отырмыз, – дейді ұйымдастырушылар.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға