Ішкі тренерлер қалай дайындалады?

Жаңалықтар
08.02.2023, 17:08
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қызметкерлерінің жеке көшбасшылық және іскерлік қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Компанияда қызметкерлерді жан-жақты дамыту жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Ал теміржолшылардың жеке қабілеттерін арттыру бағытында ішкі тренерлікке оқыту жұмыстары қалай жүзеге асырылады? Бұл туралы Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы филиалының персоналды дамыту жөніндегі басқармасының  бас менеджері Аягөз Темірова  айтып берді.  

Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап Ішкі тренерлер жобасын жүзеге асыру жандана түсті. Сол жылы 19 теміржолшы ішкі  тренер ретінде дайындалды.  

– Бастапқыда 50 шақты адам өтінім берді. Оқыту күрделі, сертификат алғанға дейін бір жобаны қорғап, үлкен бір бағдарлама жазып шығуы керек. Соның нәтижесіне қарай оқытушылар кімге тренердің немесе қосалқы тренердің сертификатын беру керектігін шешеді. 2020 жылы шамамен 70 адамдай ішкі тренер болып оқуға өтінім берді, соның ішінде 30 шақты адамды тренер және қосалқы тренерлік сертификатын алды. 2021 жылы «ҚТЖ-100 жас есім» жобасы шеңберінде ішкі тренерлер дайындау жұмыстарын да жүргіздік. Сол жылы олар ішкі тренерлік бағдарламасынан өтті. Олардың ішінде тек 10-15 адам ғана курстан толық өтіп, тренерлік сертификат алу үшін барлық талаптарды орындады, емтихан тапсырып шықты. Қалғандары жұмыс бабына байланысты әр түрлі себептермен курсқа толық қатыса алмады немесе басқа салаға ауысып кетеді, – дейді бас менеджер.  

Жалпы ішкі тренер дегеніміз – осы саланың барлық талаптарына сай білім алған және сертификатқа ие болған маман. Ал қосалқы тренер – ішкі тренердің деңгейіне сәл ғана жетпейтін, әлі де тәжірибе жинақтау қажет қызметкерлер. Қазір компанияда 42 ішкі тренер, 10 қосалқы тренер бар. Олар өз қалауымен дамуды көздеген теміржолшылар үшін тренингтер өткізеді. Әр тренингті бір тренер қасына қосалқы тренерді ертіп жүріп бірге ұйымдастырады. Осылайша қосалқы тренер де тәжірибе жинақтап, біліктілік арттыра отырып, уақыт өте келе толыққанды тренерлер қатарына қосылады.  

– Тренерлер компанияға не үшін қажет? Компанияның қызметкерлерін жан-жақты дамыту және оқытуда ақша жұмсап, сырттан түрлі орталықтардан қайта-қайта мамандар шақырта беру үнемі мүмкін емес. Сондықтан бір рет қана қаржы жұмсап, өз ішімізден тренерлер дайындау, солардың білім-білігін компанияның қызметкерлерін оқытуға пайдалану анағұрлым тиімді деп шешілді. Қазір бізде корпоративтік оқыту саласында біраз курстар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, 2019 жылдан бастап «Топжарған», «НR Академия», «Шеберлер қазынасы» сынды жобаларды арнайы дайындадық. Соларды жүзеге асыруда сырттан шақырылған халықаралық және республикалық мамандармен қатар өзіміздің ішкі тренерлердің де күшін пайдаландық. Мәселен, былтыр өндірістік оқыту бойынша «Шеберлер академиясы» жобасы шеңберінде 200 адамды оқыттық. Соның ішінен ең үздік 20 өндірістік оқыту шеберін таңдап алып, ішкі тренерлер дайындау жоспарымызда бар. 2022 жылдың қорытындысында жеке іскерлік қабілеттері бойынша 5600-ден астам адамды оқыттық. Бұл дегеніңіз – артық шығынсыз ішкі тренерлер күшімен қызметкерлерді оқыту арқылы компанияға пайда келтірдік деген сөз, дейді А. Темірова.

Жоспар бойынша әр қатысушыға бір жылда 4 тренинг өткізу ұсынылады. Кем дегенде 1,5 сағатта 15 адам қатысатын тренингті төрт рет өткізсе, ынталандыру ретінде тренерге еңбекақысы сақталатындай етіп қосымша үш күн демалыс беріледі. Өткен жыл қорытындысы бойынша көп тренинг өткізіп, жоспарды орындаған тренерлер ішінде 16 адам сондай мүмкіндікке ие болды.  

 – Осы саланы дамытудың арқасында қызметкерлердің арасында күйзеліске төзімділік, тиімді коммуникация, клиентке бағдарлану бойынша біраз өзгерістер болды. Бұл қасиеттер жұмыста еңбек өнімділігін арттырады. Коммуникация – әсіресе, ұжым басқаратын қызметкерлер үшін өте керек нәрсе. Әріптестердің тілін таба білу, олардың қажеттіліктеріне дер кезінде құлақ түру, тыңдай білу – осы тренингтер кезінде үйретіледі, – дейді ішкі тренер.  

Жалпы ҚТЖ-да ішкі тренер болуға кез келген адам ұсыныс бере алады. Олар жыл бойына 2-3 ай тұтас модульдік бағдарламаны оқиды, оның ішінде онлайн және офлайн түрде шешендік өнер, модуль аралық жұмыстар, сценарий жазу, оқыту методикасын үйрену, тренинг бағдарламасын құрастыру, отырыстар ұйымдастыру сынды машықтар үйретіледі.  

 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды