Батыста жолды қардан тазалау жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр

Жаңалықтар
10.02.2023, 09:46
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Батыс өңірдің теміржолшылары үшін жазда жолды құмнан, қыста қардан тазалау – үйреншікті жұмыс. Десе де, жүздеген шақырымдарға созылған темір жолда биыл толассыз жауған қарды уақытылы тазалап отыру оңайға соғып жатқан жоқ.

Негізгі күш Атырау жол дистанциясына түсіп отыр. Әрине қар тазалайтын СМ-2, СЗПМ техникалары бар, десе де, машиналарды магистраль бойында қар аса қалың жерлерде пайдаланғаны болмаса, станция-бекеттердегі қарды қолмен тазалаған өнімді деседі жолшылар.  

– Дина Нұрпейісова станциясынан бастап Сағызға дейінгі ұзындығы 555 км жолды өз күшімізбен тазалап жатырмыз. Күніне осы жұмысқа 100-108 адамнан бөліп отырмыз. Ең алдымен Мақат, Атырау, Ақжайық, Махамбет, Аққыстау сынды үлкен станцияларды, сосын шағын бекеттерді қардан тазарту жұмыстарын жүргізудеміз, – дейді Атырау жол дистанциясының бастығы Жәнібек Жөнтұрбаев.  

Сенбі, жексенбі күндері толассыз жауған қар сейсенбі күні қайта жалғасып, айлық мөлшері шамадан асып кетті. Оған қоса жел екпіні де күшейіп борандатып жатыр. Жалғыз жолшылар емес, Атырау жүк тасымалы бөлімшесі басшысының «2022-2023 жылға қысқы мерзімге арналған қармен күрес жұмыстарын жүргізу» жедел жоспарына сәйкес аймақтағы барлық теміржол кәсіпорындары қар тазалау науқанына жұмылған. «Ауысымнан шыққан адамдарды қар тазалау жұмыстарына тартып жатырмыз. Күндіз 19 адам бөлінсе, түнгі уақытқа 15 адам бөлдік. Қазір станция басында қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр» дейді Ақжайық станциясының бастығы Бағытжан Абдрахманов.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды