Сапаға кепілдік бар

Инфрақұрылым
16.10.2026, 09:32
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бөлімшенің солтүстігіндегі Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясы өткен тоғыз айда теміржол инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды өндірістік және профилактикалық жұмыстар атқарды.

Асқар Алмағанбетов басқаратын дистанция телімдеріндегі үздіксіз қозғалыс – мыңдаған құрылғының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін электр энергиясына тікелей байланысты күрделі жүйе. Осы күрделі жүйенің сенімділігін күн сайын бақылап, ақаудың алдын алып, әрбір нысанның қалыпты жұмыс істеуіне жауап беретін мамандардың еңбегі көбіне көзге көріне бермейді. Бірақ олардың кәсіби жауапкершілігі мен уақытылы атқарған жұмысының нәтижесі – теміржолдағы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.  

Есепті кезеңде Төретам-Қазалы-Сексеуіл-Қоскөл станциялары аралығындағы 10 кВ ПЭС, ДЦ, АБ және ПЭ әуе желілерінің 95,8 шақырымына жоспарлы жөндеу және профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Желілердің техникалық сенімділігін арттыру мақсатында 4 шақырым АС-35 және АС-50 маркалы сым ауыстырылып, 10 кВ кернеулі 10 дана ажыратқыш жаңартылған.  

Сонымен қатар 0,4 кВ әуе желілерінің 10 шақырымы жөндеуден өткізілді. Қауіпті аймақтардағы 0,5 шақырым желі бойы ағаш-бұталардан тазартылып, 10 кВ ПЭС әуе желілеріндегі 350 оқшаулағыш ауыстырылды. Жерге қосу құрылғыларының 270 данасы тексерілген.  

Желілердің жарамдылығын сақтау мен электрмен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін күшейту мақсатында 0,4 кВ желінің 0,2 шақырымы және 10 кВ желінің 0,1 шақырымы бойындағы жерасты кабельдері жаңартылды. Бұған қоса 60 темір траверс пен 35 дана темірбетон тірегі ауыстырылды.  

Қосалқы станциялар мен электр жабдықтарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету де дистанция мамандарының күнделікті міндетінің маңызды бөлігі. Тоғыз ай ішінде қосалқы станциялардағы 165 күштік трансформатор мен ажыратқышқа техникалық қызмет көрсетіліп, 122 ұяшықтың релелік қорғанысы және автоматика құрылғылары сынақтан өткізілген.

– Біздің жұмысымыздың нәтижесі электр желілерінің үздіксіз жұмыс істеуінен, теміржол нысандарындағы жабдықтардың қалыпты қызметінен көрінеді. Сондықтан әрбір маман өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Жоспарлы жөндеу жұмыстарын сапалы орындау, ықтимал ақаулардың алдын алу, жабдықтардың техникалық жағдайын тұрақты бақылау – ортақ міндетіміз. Өйткені электрмен жабдықтау жүйесіндегі сенімділік теміржол қозғалысының тұрақтылығына тікелей әсер етеді, – дейді дистанция бастығы Асқар Алмағанбетов.  

Мұндай жұмыстарда ұсақтүйекке орын жоқ. Жабдықтың техникалық жай-күйін дұрыс бағалау, анықталған кемшілікті дер кезінде жою, өлшеу мен сынақ нәтижелеріне мұқият қарау маманның кәсіби дайындығымен қатар, оның жауапкершілік деңгейін де айқындайды.  

Теміржол нысандарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін кезекшілік қызметтің жұмысы да күшейтілген. Туындаған ақауларды жедел қалпына келтіруге және телемеханика құрылғыларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Өйткені теміржол саласында уақытылы қабылданған шешім мен үйлесімді әрекет жалпы өндірістік үдеріске тікелей ықпал етеді.  

Өндірістегі жоғары көрсеткіш қауіпсіз еңбек жағдайымен қатар жүргенде ғана өз мәніне ие болады. Осыны басшылыққа алған дистанция ұжымы еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттың алдын алу және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді.  

Қызметкерлерге тиісті нұсқаулықтар өткізіліп, 150 адам арнайы қысқы киіммен қамтамасыз етілген. Жеке қорғаныс құралдарын талапқа сай пайдалану мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.  

Электрмен жабдықтау саласының мамандары үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау – жай ғана нұсқаулықты орындау емес, өз өмірі мен әріптесінің амандығына жауап беру. Сондықтан қауіптің алдын алу, жұмысты белгіленген тәртіппен орындау және өндірістік мәдениетті қалыптастыру дистанция қызметіндегі маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.  

 

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті