Үздік жолшылар құрметке бөленді

Жаңалықтар
10.02.2023, 10:32
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылдың қорытындысын шығарған Қазалы жол дистанциясының ұжымы үздіктерді марапаттап, олардың озық тәжірибесін үлгі етті. Төрт телім бастығына былтырғы жетістігі үшін қаржылай сыйақы берілді.

Дистанция бастығы Аманкелді Қосановтың қолынан марапат алған үздіктер күнделікті ағымдық күтім жасау, түрлі деңгейдегі бақылау-тексерулердің нәтижесі, жол күтімінің бабын бақылайтын арнайы машиналар мен технологиялар жұмысының қорытынды талаптары негізінде анықталған. Сонымен дистанция үздіктерінің арасында жыл бойы жүргізген жұмыстарында кемшілік көлемі мейлінше аз кездескен Бақберген Ерханов басқаратын 16-айналым жолшылары 1-орынды иеленсе, 2-орынды Сахи Қосанов басқаратын 7-айналым ұжымы, 3-орынды Нұрадин Қулмановтың 1-айналымы алып, сый-құрметке бөленді. Жалпы қазалылық жолшылардың бәрі де жақсы нәтиже көрсетіп, бекітілген межені ойдағыдай орындап шыққан. Сондықтан қосымша екі төртінші орын белгіленіп, ол Мұратбек Әбдірахмановтың 10-айналымы мен Тлек Длимов басқаратын 14-айналым жолшыларына бұйырды. Бұдан бөлек белгіленген ынталандыру сыйлығы мен құрмет грамотасына 17,18,19-айналымдар мен көлік блогы лайық деп танылып, олар да сыйлықсыз қалмады.  

– Дистанция жолшылары күнде бас қоса бермейді. Сондықтан бүгінгі жиынды пайдаланып, кәсіподақ ұйымының атқарған жұмысының есебін беру және зейнет жасына келген жолшыларды шығарып салу рәсімін де өткізуді жоспарладық. Осы дистанцияның дамуына бірнеше ондаған жылдарын сарп еткен әріптестеріміздің иығына шапан жауып, зейнет демалысына шығарып салдық, – деді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Дастан Әбішев.  

Зейнет жасына жетіп отырған жолшылар Жеңісхан Бейсембин, Ғалымжан Ақсақалов пен Абдулла Жұмағазиевке дистанция басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан естелік сыйлықтар табыс етіліп, құрмет көрсетілді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда