Суретшілер «Астана-Бурабай» бағытындағы электр пойызын Наурыз мерекесіне орай безендіреді

Жаңалықтар
16.02.2023, 18:03

2022 жылдың желтоқсан айында «Астана-Бурабай» бағытындағы турпойыз этно стильде, жаңа жыл форматында брендттеліп, жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аталған поезд 1 ай ішінде 35 мың адамға қызмет көрсеткен. 

Бұл дәстүрді жалғастыру мақсатында «Kazakh Tourism» компаниясы «ҚТЖ» компаниясы мен "Бурабай Даму" ЖШС-мен бірлесе отыра Наурыз мерекесіне орай турпойызды безендіруді жоспарлап отыр (әрі қарай - жоба). 

Осы мақсатта талантты суретшілерді жобаға ат салысуға шақырамыз!

Жобаны ұйымдастырушылар

"Kazakh Tourism "ҰК" АҚ, "Қазақстан Темір Жолы" АҚ, "Бурабай Даму" ЖШС

Кім қатыса алады?

7 жастан 65 жасқа дейінгі кезкелген үміткер.

Қатысу үшін не қажет?

  • Open call-ға қатысу үшін "наурыз", "этно", "туризм" тақырыптарында дизайн дайындау қажет.
  • Авторлық дизайн макеттері осы жобаға арнайы жасалған немесе бұрын жасалған жұмыстар болуы мүмкін. Қатысушы open call-да ұсынылған жұмыстар бойынша өзінің авторлық құқығына кепілдік береді және үшінші тұлғалардың құқықтары бұзылған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес толық жауапты болады.
  • Бір қатысушы жоба бойынша шексіз жұмыстарды жариялай алады.
  • Дизайн макеттері 2023 жылдың 18 ақпанында сағат 20:00-ге дейін жариялануы керек.
  • Дайын дизайн макетін #nauryztrain хэштегімен Instagram әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтында пост түрінде жариялау қажет. Жобаның басталу кезеңіндегі және аяқталғанға дейінгі аккаунт ашық болуы керек.

Ең жақсы жұмысты бағалау және таңдау қалай болады?

Барлық жұмыстар келесі критерийлер бойынша 5 балдық шкала бойынша бағаланады:

  • Өзіндік ерекшелігі;
  • Шығармашылық;
  • Берілген тақырыптың өзектілігі ("наурыз"," этно","туризм").

Жеңімпаздарды таңдау сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.

Сараптама комиссиясының құрамында кім бар?

  • Лейла Махат-суретші, куратор, галерист. Қазақ Ұлттық Өнер университетінің "кескіндеме және мүсін" кафедрасының доценті. Бейнелеу өнері саласындағы философия докторы. "Құланшы" қазіргі заманғы өнер орталығының кураторлық кеңесінің төрағасы. Еуразия Өнер Академиясының Президенті.
  • Әйгерім Кәрібаева-суретші, иллюстратор, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" ұлттық жобасының жеңімпазы, "Астана - Бурабай" туристік пойызының жаңа жылдық дизайнының авторы.
  • Ирина Харитонова - "Kazakh Tourism"ҰК АҚ креативті туризм департаментінің директоры

Нәтижелер қашан белгілі болады?

Нәтижелер 2023 жылғы 20 ақпанда сағат 20:00-ге дейін @kazakhtourism_official парақшасында жарияланады.

Ең жақсы жұмыстың авторы не алады?

Үздік жұмыстың авторы 2023 жылы Наурыз мерекесіне орай "Астана-Бурабай" туристік пойызын ресімдеуге шарт жасасу мүмкіндігіне ие болады.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды