ТХКМ – табысты дәлізге айналып келеді

Жаңалықтар
21.02.2023, 09:45
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Транскаспий дәлізімен жүк тасымалдау көлемі артып келеді. Бұл туралы «Түркі әлеміндегі экономикалық байланыс және интеграция» тақырыбында өткен сарапшылар отырысында Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Агалар Атамоғланов айтты.  

– Өткен жылы Әзербайжан, Қазақстан және Түркияның Сыртқы істер, Көлік министрлері Баку мен Ақтау қалаларында екі рет кездесу өткізді. Осы кездесулердің қорытындысында қабылданған жол картасы орта дәліздің, яғни «Шығыс-Батыс» транскаспий халықаралық орта дәлізінің дамуына тың серпін берді. Қазірдің өзінде аталған бағытта айтарлықтай өсім байқалады. Ол алдағы болашақта да ұлғая түсері сөзсіз, – деді Әзербайжан Елшісі.

Оның айтуынша, транзиттік дәлізді дамыту мақсатында Баку халықаралық әуежайының өткізу қабілеті жылына 15 млн тоннадан 25 млн тоннаға дейін артқан. Ал Баку – Тбилиси – Карск теміржолының өткізу мүмкіншілігі 1 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды.  

Осы отырыста Әзербайжанның бұрынғы Премьер-министрі Гасан Гасанов түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық үшін әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.  

– Елдерімізде бізді мемлекетаралық балама ұйымдармен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығара алатын әлеует бар. Түркі әлемі елдері «Солтүстік-Оңтүстік», «Батыс-Шығыс» транзиттік бағыттары ретінде маңызды аумақты алып жатыр. «Түркі әлемі көзқарасы-2040» құжатында «Шығыс-Батыс» транскаспий халықаралық орта дәлізін тек қысқа ғана емес, сонымен бірге қауіпсіз әрі кедендік және транзиттік процедуралары үйлесімді, тиісті халықаралық конвенциялардың тиімді орындалуын қамтамасыз ететін табысты дәлізге айналдыру көзделген, – деді ол.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті