ЕАЭО мен Қытай теміржол жүк тасымалына электрондық құжат айналымын енгізбек

Жаңалықтар
22.02.2023, 09:38

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы тараптары сауда-экономикалық өзара іс-қимылын практикалық кеңістікте жандандыруға және арттыруға бағытталған жол картасына қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Рәсім ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ли Фейдің төрағалық етуімен бейнеконференция форматында өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен комиссияның үшінші отырысы аясында өтті.

Құжат өзіне үш бөлімді кірістіреді, олар: көлік дәліздерін цифрландыру, сыртқы сауда саясаты туралы диалогтар, сондай-ақ ЕАЭО мен ҚХР ынтымақтастығын тереңдетудің әртүрлі сценарийінің тиімділігі туралы бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу.

"Бірінші бөлімнің іс-шаралары тараптардың электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, жүк теміржол тасымалдары кезінде құжаттар алмасудың электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшуді бағамдайды. Мұның сауда рәсімдерін көрінеу оңайлатуға және біздің елдеріміздің арасында жүк тасымалдауды тездетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деп атап өтті Андрей Слепнев.

Бұдан басқа, кеден саласындағы, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау саласындағы ынтымақтастықты дамыту көзделуде. Теңіз және автомобиль көлігі бөлігінде тараптар арасында электрондық логистикалық ақпарат саласында тәжірибе алмасу жоспарланған.

Жол картасының екінші бөлігі халықаралық саудаға елеулі ықпалын тигізетін сауда саясаты мәселелері бойынша орнықты диалог қалыптастыруға бағдарланған. 2023-2024 жылдар ішінде талқылау үшін Қытай тарапымен мына бағыттар келісілді: климаттық күн тәртібі, ЕАЭО мен ҚХР сыртқы саудасын дамыту стратегиялары, ішкі нарықты қорғау шараларын қолданудың халықаралық практикасы, электрондық сауда.

Үшінші бөлім ЕАЭО мен ҚХР-дың ғылыми топтарының ЕАЭО, оған мүше мемлекеттер және Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің әртүрлі сценарийінің тиімділіктеріне кешенді талдау жүргізуін бағамдайды.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды