Анар Самаликова: «Бала кезден вагондарды санап өстік»

18.02.2023, 17:35

Мен, Самаликова Анар Ізбасарқызы  теміржолшы отбасында дүниеге келдім. Әкем теміржолшы, 40 жыл «Мақат локомотив пайдалану депосында» инженер, бөлім бастығы болып қызмет  етті, қазір құрметті зейнеткер. Атам Мақатта тар табанды темір жолда еңбек етті. Сіңлім мен інім де темір жол мамандығын таңдап, оқуларын бітіргеннен кейін «Мақат локомотив пайдалану депосында» көп жылдан бері қызмет атқаруда.  

Бала кезімізден дастархан басында әкемізден еститініміз оның жұмысы, яғни темір жол туралы әңгімелер. Біз әкеміздің теміржолшы болғанын мақтан тұтамыз. Сол кезде теміржолшы мамандығының беделі жоғары болды. Үйіміз де депоға қарсы орналасқан, әкемізді терезеден түскі асқа, кешке келе жатқанын қарап тұрып, тамағын дайындап қоятынбыз. Күні-түні еститініміз пойыздардың тарсылдаған дыбысы. Вагондарды санап өстік. Анам мұғалім болғандықтан, мен де ұстаздық оқуды таңдадым. 10 жыл мұғалім болып қызмет еттім, алайда темір жолға бүйрегім бұрып тұрды.  

Темір жол саласында еңбегімді 2004 жылы «Локомотив сервис орталығы» АҚ «Атырау локомотив сервис орталығы» филиалының мемлекеттік тілді еңгізу жөніндегі маман болып бастадым. Бұл осы мекеменің жаңадан ашылу кезеңі еді. Тәй-тай басып келе жатқан мекемеде барлығын жаңадан бастадық. Офисте тек қана 1 компьютер, қағаздарымызды басу үшін кезекке тұрамыз. Мекеме аяғынан тұрып кеткенше неше түрлі қиындықтар болды. Темір жолда сол кезеңде іс қағаздар орыс тілінде жүргізілді. Құжаттарды қазақ тіліне көшіру үшін көптеген жұмыстар атқардым. Менің осы мекемеде қазақ тілін дамытып, қосқан үлесім үшін 2011 жылы «Локомотив сервис орталығы» АҚ президентінің «Алғыс хатымен» марапатталдым. 2013 жылы мекемеде қысқартулар басталғанда, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ «Атырау темір жол күзеті» филиалына мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 1 санатты маманы болып ауыстым. Бұл жерде де іс-қағаздардың көпшілігі ресми тілде ресімделген. «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына»  сәйкес мекемеде қазақ тілін енгізіп, үлесімді қостым. 2015 жылдың желтоқсанында осы бөлімнің 1 санатты маманы болып ауыстым. 2016 жылы персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметті абыроймен атқарып келемін. Филиалдағы түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруда, зейнеткерлермен, филиал қамқорлығындағы патронатты балалармен жұмыс жасауда қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, темір жол саласына қосқан үлесім үшін 2019 жылы «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен және 2021жылы  «ӘТЖК 100 жыл» белгісімен  марапатталдым. Адамдармен жұмыс істеу, олармен үнемі қарым-қатынаста болу, отбасыларын тану маған ұнайды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін және мақтан тұтамын.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Басқа да жаңалықтар