Анар Жалғасбаева: «Бауырларымды қалай жақсы көрсем, ұжымдастарымды да солай сыйлаймын»

14.02.2023, 15:56

Жалғасбаева Анар Амантайқызы, 19.07.1977 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. Білімім жоғары. Теміржолшы династиясында тәрбие алған.  

1996-2000 жылдар аралығында Атырау мұнай және Газ институтында «Экономика және Менеджмент» мамандығын үздік дипломмен аяқтады. Тұрмыста, 4 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы, үлгілі ана.

Ол 2000 жылы институтты бітіре сала еңбек жолын жоғару оқу орнында экономикалық пәндер бойынша ұстаздық жолдан бастады. Дегенмен де, қаншалықты мұнай және газ саласын тәмәмдағанмен, әкесінің өмір жолынан байқағанындай, темір жолдағы тыныс-тіршілік, қиындықтар мен қызықты өмір ағындары, теміржолшылардың түрлі сала бойынша атқаратын қызметтері оны қызықтырды, бар ынта-жігері сол салаға қарай тартып тұрды.                                

Арада көп уақыт өтпей, темірдей тәртібі бар теміржол саласына 2005 жылы келді. Алғашқы қызметі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының 1-санатты есепшісі  лауазымынан бастап, әрі қарай жетекші есепші, жетекші инженер, салық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.                                                                                

2014 жылдан бастап филиалдың Персоналды басқару бөлімінде персонал жөніндегі менеджері болып, кейін осы бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің бастығы болып  қызмет атқарып келеді.

«Өмір адамға бір-ақ рет берілген болса, соның біршама бөлігі қызметпен өтеді екен. Ол жағдайда отбасың, оның ішіндегі бала тәрбиесі деген ұғымды ысырып қоясың. Өз басым кадрлық қызметімде жүріп, теміржол саласындағы атқарып келе жатқан жұмыстарыма өте жауапкершілікпен қарайтын адаммын. Ұжымның намысы — менің намысым, менің ар-ожданым. Үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, адамгершілік қасиетті жоғалтпау, ілгері басқан адамды көтермелеу, қалып бара жатқан адамға демеу болу, менің ата-анамның бала күнімнен бойыма сіңіре білген тәрбиесі. Мен өз отбасымды, туыс, бауырларымды қалай жақсы көрсем,  ұжымдастарымды да солай сыйлаймын», – дейді ол.

Бүгінгі таңда темір жол саласында 18 жыл қызмет атқарып жүрген ол үшін үлкен абырой, әрі мақтаныш. Таңғы жұмыс орнына келген сәттен  бастап бөлімшенің барша қызметкерлерімен және зейнеткерлерімен тығыз байланыста болып, қойылған сұрақтарына, өтініштері мен талаптарына барынша жауап беріп, кері байланыс жасайды.  

«Персоналды басқару бөлімінің бастығы лауазымына Компания басшысы мені тағайындағаннан кейін менің мойныма барша теміржолшылардың аманаты, хал-жағдайы, еңбек жағдайы артылғаны мен үшін үлкен мәртебе деп санаймын. Атқарып жүрген адал да мінсіз еңбектерім үшін Компания  басшылығының, Компания Президентінің төс белгілерімен және марапаттарына ие болдым. Жергілікті басшылықтардың алғыс хаттары, марапаттары да менің осы атқарып жүрген ерен еңбегімнің куәсі шығар деп айта аламын», – дейді Анар Жалғасбаева.  

Кейіпкеріміз қызметін үлкен сүйіспеншілікпен атқаратын өте жауапты тұлға. Алдағы уақытта  темір жол саласының дамуына бар күш-жүгерін, білімін салып өз үлесін әлі де қоса бермек.                  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Басқа да жаңалықтар