Тасқынға қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр

Жаңалықтар
03.03.2023, 09:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ су тасқыны кезеңінде шойын жол мен жасанды құрылыстарды сақтап, сонымен қатар пойыздардың үздіксіз қатынауын қамтамасыз етуге арналған техникалық-ұйымдастыру іс-шараларын бекітті.

Жалпы еліміздегі республикалық маңыздағы жолдарды тексерудің нәтижесінде 396 қауіпті учаске, 68 көпір және 768 су өткізу құбыры анықталып, тасқын қаупін сейілтуге жұмыс істейтін 700-ден астам арнайы техника бөлінген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, өткен жылдардың тәжірибесіне талдау жасалып, барлық өңірде тасқын суды өткізу бойынша қауіпті орындардың тізбесі анықталып отыр.  

– Көктемгі су тасқыны кезеңінде тәуліктік кезекшілік пен қауіпті орындарға бақылау жүргізіледі. Тұтастай алғанда 3 578 көпірді, 6 мыңнан аса су өткізу құбырын, таулы арықтарды және жол жыраларын қар мен мұздан тазарту жұмыстары басталды. Еліміз бойынша шойтас пен рельсті пакеттер және кондициясыз темірбетонды шпалдармен жарақталған тасқынға қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр, – деді ИИДМ басшысы.  

Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы қамтамасыз ету үшін барлық қауіпті учаскеде тәуліктік кезекшілік пен күнделікті бақылау жүргізіліп келе жатқанын жеткізді. Қажетті жұмыстарды жедел ұйымдастырып, тасқын қаупін алдын алу мақсатында қажетті инертті және басқа да материал толық көлемде дайындалған. Атап айтқанда, 20 мың текше метр құм, 6 мың текше метр шойтас, 8 мың текше метр қиыршық тас, сондай-ақ 18 мың текше метр құм-қиыршық тас қоспасы әзірленген.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті