Нәзік жандар ұжымы

Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Мереке қарсаңында кіл қыз-келіншектерден құралған ұжымның есігін қақтық. Темір-терсектің ортасында жүрсе де нәзіктігін жоғалтпаған асыл жандар вокзал шаруашылығын ұршықша иіріп отыр.

Шалқар темір жол вокзалы – теміржолшылар қалашығының қақпасы іспеттес. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан нөпір халықтың жағдайын жасап, қауіпсіздігін қадағалап, тазалық пен тәртіпті реттеп отырған ұжымның жұмысымен таныстық.  

Сонау 1904 жылы іргетасы қаланған тарихи ғимарат әлі күнге сыр бермеген.  

«Біз ең алдымен вокзалда тазалық пен тәртіптің болуын қатаң қадағалаймыз. Жолаушыларға қызмет көрсететін қызметкерлеріміздің киім киісі, жүріс-тұрысы, жұртшылықпен қарым-қатынасы түзу болуы тиіс», – деді бізбен әңгімесін бастаған вокзал бастығының кезекші көмекшісі Жанат Махамбетова.

Шалқар вокзалы тәулігіне 300-ге жуық адамға қызмет көрсетіп, 15 жұп пойызды қабылдап-жөнелтеді. Вокзал кассасынан күніне 200-300 адам билет алады. Жолаушыларға қызмет көрсететін 20-дан аса қызметкері бар. Олар: вокзал кезекшілері, анықтама бюросының мамандары, дикторлар, кассирлер. Басым көпшілігі – ұзақ жылдан бері осы жерде жұмыс істеп келе жатқан мамандар.  

Вокзал бастығының кезекші көмекшілері Жанат Махамбетова мен Әсел Сембаева жасалып жатқан жұмыспен таныстырып шықты. Қыздарға ілесіп, вокзал аумағын шарлап шықтық. Пойыздардың келіп-кету уақыты жөнінде ақпарат беретін таблосынан бөлек, радио хабарлағышпен тұрақты ақпарат таратылып отырады. Анықтама бюросы жұмыс істеп тұр. Жолаушыларға арналған күту залы тап-тұйнақтай. Айтуларынша, жолаушылар көбіне пойыздарға қатысты ақпарат, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты жеңілдіктер сұрайды. Билеттерді кері қайтару, рәсімдеу туралы мәліметтерді береді. Мүгедектердің жүріп тұруына да ыңғайлылық жасалған.  

«Қыстың күні жұмыс көбейеді, жолаушылар пойызға мініп түскенде тайып құламау үшін перронды қар мен мұздан тазалаймыз, ғимараттың жылы болуын қадағалаймыз. Алты ай сайын еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігіне тест тапсырамыз», – дейді вокзал бастығының кезекші көмекшісі Әсел Сембаева.  

Әйелдер патшалығынан көтеріңкі көңіл күймен аттандық.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар