Жүрдек пойыз бастығы

Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының Алматы телімінде қызмет ететін Сәуле Қыдырәлиева – 20 жылдан бері жүрдек пойыз бастығы болып жұмыс істейді. Саладағы жұмыс өтілі ширек ғасырдан асатын кейіпкеріміз Қазақстанға келген алғашқы «Тальго» пойызының бригадасын басқарған.

Жалпы, Сәуле Кенжеханқызының 3 салада білімі, соған сәйкес дипломы бар. Алдымен медициналық, сосын заң саласында білім алған, үшінші таңдауы теміржолға түсті. 1998 жылы теміржолдағы қызметін жолсерік болып бастады.  

– Бұл салаға неге тұрақтадым? Себебі мұнда қайнаған өмір бар, күн сайын жаңа адамдар, түрлі тағдыр иелерімен кездесесің. Мен сияқты көпшіл жанға осы мамандық қолайлы екен. Жолаушылардың сұраныс-тілегіне құлақ түріп, жағдайын жасай жүріп алғыс алған ұнайды. Оның үстіне теміржолшы мамандығы сұранысқа ие, беделді кәсіп. Ғаламдық экономикалық өзгерістерге қарамастан теміржол көлігіне деген сұраныс ешқашан кемімейді. Менің өмірімде 2003 жылдың 13 қыркүйегі мәңгі есте қалды, себебі сол күні елорданың теміржол вокзалынан Алматыға қарай сол кездегі Президенттің қатысуымен алғашқы «Тальго» пойызы жолға шықты. Сол рейсте мен пойыз бастығы ретінде қызметімді бастадым. Президентпен бірге алғашқы жүрдек пойыздың лентасын қию маған бұйырғаны – мен үшін мақтаныш. Содан бері тапжылмай осы пойыздағы басшылық қызметімді жалғастырып келемін. Кәсіби біліктілігімді бағалап компания «Адал еңбегі үшін» медалімен және көптеген Алғыс хаттар, Құрмет грамоталарымен, сонымен қатар «Үздік пойыз бригадасы-2014» аталымы бойынша марапаттады, – дейді Сәуле.  

Бірнеше жыл бұрын жолдасынан айрылған оның бір ұл, бір қызы бар. Қызы Диана өзінің жолымен жолсерік болды. Ұлы мемлекеттік қызметте. Бос уақытында кейіпкеріміз Алматы қаласындағы еріктілермен бірге қоғамдық жұмыстарға араласады. Экобелсенділігімен, саяхатшылдығымен көзге түскен ол спорттың командалық түрлеріне де қатысып, салауатты өмір салтын ұстанады. Аккордеонда, синтезаторда ойнайды. Бау-бақша өсірумен де айналысады. Компания құндылықтарын насихаттап, ютуб арнасын жүргізеді.  

Алғашқы медициналық мамандығы бойынша медбике және фельдшер ретінде 10 жылдай жұмыс істегендіктен оның бұл білімі пойыз үстінде де денсаулығы нашарлаған жолаушыларға алғашқы көмек беруде талай пайдасы тиіпті. Мәселен, былтыр ғана пойызда қант диабетімен ауыратын жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, оны аман алып қалған. Келесі станцияға жетіп, жедел жәрдем жеткенге дейін оған қажетті ем-дом жасап келген. Сол үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.  

Сүйікті кәсібін теміржолдан тапқан Сәуле Кенжеханқызы компанияда ұйымдастырылып жатқан «Менің мамандығым – менің тағдырым» атты байқауға қатысуда.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Басқа да жаңалықтар