Ғасыр жасаған теміржолшы

Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жамбылдық Бүбікүл Рүстембекова жақында 100 жасқа толып, ғасыр жасаған адамдар қатарын толықтырды. Жамбыл жол дистанциясынан зейнетке шыққан әжей көп жыл жол монтері болып еңбек еткен екен. Жақында дистанция ұжымы мерейтой иесін туған күнімен құттықтады.

Бүбікүл әже 1923 жылы 1 қаңтарда Жамбыл өңірінде өмірге келген. 18 жасында тұрмысқа шығып, 5 баланы дүниеге әкелген. Соғыс жылдарында жұбайы екеуі тылда еңбек етіпті. Луговой дистанциясына қарасты Құмарық бекетінде жолдасы Мақатай екеуі жол монтері болып жұмыс істеген.  

– Жамбыл жол дистанциясында тіркеулі тұрған 221 зейнеткердің бірі Бүбікүл әжеміздің бірге жұмыс істеп, көзкөргендерінен сол жылдары Луговойда жол шебері болған Нұрмахан деген теміржолшы ғана қалған, ол кісі қазір зейнетте, аман-есен. Жыл сайын туған күндерінде, Қарттар күнінде, тағы да басқа мейрамдарда қарияларымызды ұмытпай, құттықтап баруды дәстүрге айналдырғанбыз, – дейді кәсіподақ комитетінің мүшесі Азамат Сыдықов.  

Бүбікүл әженің бес баласынан немере, шөбере, тіпті шөпшектері бар. Қазір әже немере қызының қолында тұрады. Қарт әже мерейтойымен құттықтай келгендерге риза болып бір жасап қалды. Өткен өмірін еске алып шалы екеуі бірге соғыс жылдарында қандай қиын-қыстау жағдайда еңбек еткендерін, жеңіс күніне жеткенде қалай қуанғандарын әңгімеледі.  

Кәсіподақ комитетінің төрайымы Сәуле Абдраимова мен машинист Азамат Сыдықов, метролог Раушан Назарова бастаған ұжым қызметкерлері ғасыр жасаған әжеге гүл шоғын тарту етіп, әдемі орамал, азық-түлік себетін сыйлады. Оларға алғыс білдіріп, батасын берген қария «Менің жасыма жетіңдер!» деп тілегін айтты.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар