Балым Елеусінова: «Теміржол – біздің бағымыз»

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Балым Елеусінова – Астана локомотив пайдалану депосының құжаттарды өңдеу операторы. Мақаттық Құрметті теміржолшы Тасмағамбет Қайрановтың қызы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, аға-әпкелері сияқты теміржол саласын таңдауына әке ықпалы болса керек.

Мектеп бітірген соң бірден Алматы теміржол институтына түседі. Жоғары оқу орнын бітірген соң өзі сияқты теміржол әулетінен шыққан Амангелді Елеусіновпен отбасын құрады. Алматыда локомотив шаруашылығында жұмыс істеп, тәжірибе жинайды.  

1998 жылы ҚТЖ Алматыдан Астанаға қоныс аударғанда Амангелді мен Балым Елеусіновтер де жұмыс бабымен бас шаһарға көшіп келеді. Балым Астана локомотив пайдалану депосының жедел техникалық есептеу орталығына жұмысқа кіріп, бүгінгі таңда алып салада еңбек етіп келе жатқанына 30 жылдан асыпты.  

«Менің қызметім машинистер маршрутын санаумен қатар жағылған отынды, майдың есеп-қисабын компьютерге енгізу, электронды маршруттарды өткізу. Күн сайын 20-30 маршурт жасап, ай соңында бір айдың қорытындысы бойынша есеп береміз. Отынды есептеуші техниктер жанар-жағармай, дизель отыны қаншалықты жұмсалды немесе үнемделді, соны есептеп бізге береді, біз оларды өңдейміз. Бұл жерде біз қателеспеуіміз керек. Өйткені, бұл – машинистер еңбегі. Біз өңдеген құжаттар локомотив бригадаларының жалақысын, сыйақысын, тағы басқа үстеме ақыларды есептегенде негіз болады. Сондықтан біздің жұмыстың да өзіндік тәртібі мен жауапкершілігі бар», – дейді Балым Елеусінова.  

Балымның жолдасы Амангелді көп жыл теміржолда жұмыс істеп, кейінгі уақытта теміржол саласындағы жекеменшік компанияға жұмысқа ауысыпты. Ұлдары Абай да М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген, машинист болып еңбек етті, қазір жекеменшік компанияға жұмыс орнын ауыстырыпты. Үлкен қызы Ботагөз құрылыс компаниясында қаржыгер болса, кенжесі Аружан студент.  

Балым туралы әріптестері өз ісіне тиянақты, салмақты, артық сөзі жоқ, өз ісін жетік меңгерген маман деп жылы лебіздерін білдіреді. Ал Балым болса, теміржол – біздің бағымыз, туған-туысымның бәрі дерлік теміржолшы, осы кәсіптің нанын жеп отырған әулетпіз дейді.  

«Кезінде Атырауда туып-өсіп, Алматыда оқыдық, одан Астанада қызмет жасап, өмір сүріп өсіп-өніп жатқанымыз алланың сыйы, балаларымыздың бағы шығар. Осылар оқысын, үлкен қалада өмір сүрсін деп кезінде Алматыға табан тіреуге тырыстық. Жұрт жаппай жаңа астанаға көшіп, арқаға қоныс аударғанда жүрексінбей біз де тәуекел еттік. Бүгінде міне, ерорданың тұрғынымыз, шүкір», – дейді қанағатшыл қазақ әйелі.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар