«Лалагүлдер» жеңіске жетті

Жаңалықтар
07.03.2023, 11:16
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» вокзал кешенінің қызметкерлері арасында «Гүлдер-ай!» байқауы ұйымдастырылды. 8 наурыз – әйелдер мерекесіне орай өткен сайысқа қатысқан 5 топ көпке белгілі гүлдердің атымен аталып, командалар сол гүлге сәйкес сән үлгісін және өнерлерін көрсетті.

Вокзал кешеніндегі 4 ауысым мен кеңсе қызметкерлері арасындағы жарыста олар Қызғалдақтар, Раушан гүлі, Лалагүл, Бөртегүл және Сакура деген әдемі гүлдер атауымен шықты. Байқау 5 сайыстан тұрды: дефиле, әнді қойылым көрсете отырып айту, аспаздық өнер, би, әр команданың ер азаматтарының әйелдерге тартуы.  

Сайысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы вокзал шаруашылығын пайдалану және дамыту жөніндегі атқарушы директор Жұбан Көрпебаев, «Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев, компанияның әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова, «Нұрлы жол» вокзал кешені директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Айгүл Өксікбаева, вокзалдың технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ғалия Нүскеева, вокзалдың бюджеттендіру және қаржылық талдау бөлімінің басшысы Ботагөз Қаласова қазылық етті. Қатысушылардың гүлдердің түсі мен түріне қарай киім таңдауы, жеке дауыста ән салып, би билеуі және қойылым көрсетудегі шеберлігі, жалпы сұлулық салтанат құрған шара көрермендерді тәнті етті.  

Байқау соңында бірінші орынды барлық шарттар бойынша үздік өнер көрсеткен 3-ші ауысым, яғни Лалагүлдер тобы жеңіп алды. Екінші орынды Раушан гүлдер атанған 2-ауысым қызметкерлері алды. Ал үшінші орын 4-ауысым Бөртегүлдер тобы мен 1-ауысым Қызғалдақтар тобына берілді. Төртінші орынға кеңсе қызметкерлерінен құралған Сакура тобы тұрақтады.  

– Көктем мерекесімен бірге біздің вокзал кешенінде де көңілді іс-шаралар өткізіліп, ұжым ауызбіршілігінің арқасында байқаулар ұйымдастырылады. Биыл да «Гүлдер-ай!» байқауы дәстүрлі жалғасын тапты. Тек оның шарттары сәл өзгерді. Бұл жолы жеке қызметкерлер арасында емес, командалар арасында сайыс өтті. Өте қызықты қойылымдар болды. Теміржолшы қыдарымыз жан-жақты қабілетін көрсетіп, бойындағы өнерлерін паш етті. Бір айта кетерлігі, бұл сайыстың өтуі вокзалдың жұмысына, технологиялық процесіне кесірін тигізбеді. Пойыз аз жүретін уақытты таңдап алып, сол кезеңде сайысты өткізуді жоспарладық, – дейді қазылар алқасының мүшесі Ғалия Нүскеева. Жеңімпаз топтар арнайы дипломдар және қаржылай сыйақымен марапатталды.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті