Ең әдемі мереке...

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде өткен мерекелік басқосудың көркі қыз-келіншектер болды. Жиын ерлер қауымының бастамасымен өзгеше форматта ұйымдастырылды.

Мәжіліс залын мерекелік нақышта безендірген жігіттер әрбір орындыққа шар байлап, ұжымның қыздарын әсем әуен мен алқызыл раушан гүлімен қарсы алды. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев нәзік жан иелерін шын жүректен құттықтап, 8 наурыз – ең әдемі де аяулы мереке деді. Сонымен қатар, Қызылорда вокзалының анықтама беру жөніндегі кеңесшісі Рая Қуандықова, өндірістік тазалықшы Қалдыгүл Темірболатова, Өртке қарсы қызметінің диспетчері Камиля Ахметова, Персоналды басқару бөлімінің менеджері Бақыт Оразбай, Экономика бөлімінің инженері Жұлдыз Бисембаева, Еңбек және жалақы бөлімі инженері Айжан Абдреева, бөлімшенің машинист-хабарлаушысы Аружан Арынова, Қалпына келтіру пойызының жолсерігі Дана Сұңқарбаева, бөлімше мұрағатшысы Зәуре Айдарова мен қаржыландыру бөлімінің менеджері Нұргүл Енсеповаға адал да мінсіз қызметтері үшін алғыс айтып, құрмет грамоталарын табыс етті. 

Марапаттау рәсімі арасында викториналық сергіту сауалдарына жауап берген қыз-келіншектер арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал Қызылорда есеп тобының басшылары Ақмарал Маханбетова, Айнұр Аяпбергенова, Оксана Дон мен Қазалы есеп тобының жетекші маманы Анар Берденоваға бөлімше бастығы мен кәсіподақ ұйымы төрайымының құрмет грамоталары табысталды. 

Басқосу бөлімше қызметкерлерінің ұл-қыздарының өнерімен айшықтала түсті. Шахмардан Алмағанбетовтің қыздары Амина мен Айша аналарына арнап жаттаған тақпағын айтып берсе, Мөлдір Акишованың баласы Мейірлен Жанболат пен Ләззат Ермұратованың қызы Аяулым Мирамбек әсем әннен шашу шашты. Шараны ұйымдастыруға атсалысқан кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Ерманова жас өнерпаздарды да сыйлықсыз қалдырмады. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда

Басқа да жаңалықтар