Жастардың тәлімгер-ұстазына айналған теміржолшы

Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Әйел адамның жетістігі отбасының берекесінен білінеді. Қырық жылға жуық ғұмырын теміржол саласына арнаған бейнеулік Зоя Бакиеваны өз ісінің майталман маманы ғана емес, отбасының ұйытқысы, ана бейнесінде де тек жақсы жағынан көруге болады.  

Кейіпкеріміз  1963 жылы Қарақалпақстанда дүниеге келіпті. Мектеп бітірген соң Ташкент теміржол институтына түседі. Үшінші курста тұрмысқа шығып, отбасылық жағдайына байланысты әрі қарай оқуын Алматыда теміржол институтында сырттай жалғастырады.  Содан бері қырық жыл өмірі осы болат жолдың бойында өтіп келеді. Кәсібінің үздік маманы атанды. Ортасында сыйлы, айтары бар жан жастардың тәлімгер-ұстазы.  Екі қызы мен ұлы  ана үмітін ақтап, өмірден өз жолдарын тапты. Бүгінде бәрі үйлі-жайлы,  олардан бір етек немере-жиен сүйіп, ақ әже атанып отыр. Бос уақытында осы немерелер тәрбиесімен айналысып, қолы қалт етсе киім тоқуды, кітап оқуды әдетке айналдырған Зоя апай әр күнін жағымды көңіл күймен өткізуге тырысады.  

- Әйелді нәзік жаратылыс иесі дейміз. Солай десек те ол қажет кезінде  өжет, батыл,  қайсар да бола алады. Менің де өмірімде түрлі сынақтар кездесті, жеңілмедім, керісінше әр қиындықтан сабақ алып қатая  түстім. Енді міне, зейнет жасына жақындадық. Теміржолдың қызық та қиын жұмыстарында жүріп  39 жылдың қалай өтіп кеткенін білмей қалыппын. Оңай ештеңе жоқ, әсіресе теміржолда, бірақ ерік-жігерің болса бәрін де еңсеруге болады.  Оқып жүргенде жұмыс барысымен Бейнеу станциясына тәжірибеге бардық, ол кезде станция Ташкент темір жолына қарайтын.  Сол Бейнеудің  Қарақалпақ түйіспе пунктінде 1984 жылы еңбек жолымды бастадым.  12 жыл бригадир болдым. Рамазан Мұсаев, Сапарбай Тұрымбетов, Ақілгек Мұсаева, Ақмаңдай Шойқараева, Тілектес Батырова деген әріптестерімнің,  аға-апаларымның көп көмегі тиді,   үйренгенім өмірлік азығыма айналды. 1996 жылы екі елдің теміржолында ауыс-түйістер болып, пойыз қабылдап-тапсырушы болып ауыстым. Бейнеу станциясының Қарақалпақ түйісу пунктінде күні бүгінге дейін осы жұмысты  атқарып келемін, – дейді Зоя Бакиева.  

  Бір ауысымда орта есеппен 10-15 жүк пойызын қабылдап тапсыратын  Зояның айтуынша, бір пойыздың құрамында 72 вагонға дейін тіркеледі. Кей кездері 100 вагоннан болатын ұзын құрамдар да келетін  көрінеді.  

 – Бейнеу бүгінде төрт тарапқа пойыз өтетін үлкен тораптық станцияға айналды.  Осыдан біраз жыл бұрын тәулігіне 30-40 пойызға дейін қабылдап, тапсыратынбыз. Ол уақытта қазіргідей заманауи технология жоқ. Өңдеу уақытының арасы 20 минуттан, барлығын қолмен жазып, рациямен жүріп жасаймыз. Жүк вагондары мұқият тексеріледі. Түрлі жағдай болады. Бекітпесі ашық не ұрланған болып келуі мүмкін. Ондай кезде  комиссиялық тексеріске аламыз. Бірде сондай оқиға кездесті. Онда жаспын. Мәскеудің бағалы кілемдері жүктелген вагон ашық келді. Ұрланған екен деп зәрем ұшты. Санасақ, керісінше кілемдер құжаттағыдан көп, 140 кілем артық шыққанда қуанғаннан айқайлап жіберіппін, бірақ артық жүктің де әуресі аз болмайтын еді, бірақ кем емес қой, – деп бастан өткен қызықтарын  әңгімелеген кейіпкеріміз күліп алды.  

Бүгінде төрт бағытқа тармақталған Бейнеу станциясында жұмыс ауқымы артқан. Жергілікті халық арасында теміржолшы кәсібіне бет бұрғандар көбейген. Әсіресе жастар. Солардың қатарында өздерін Зоя Бакиеваның шәкіртіміз дегенді мақтанышпен айтатын бір шоғыр өсіп келеді. Тәлімгер үшін бұл да мерей.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға

Басқа да жаңалықтар