Бала арманы алдамайды...

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Гүлнар Баймағамбетова 1983-1997 жылдары Қызылорда теміржол техникумының студенті, лаборанты, оқытушысы болып жұмыс істеген. Магистральдық желі бөлімшесіне 2005 жылы диспетчер болып орналасып, 2006 жылдан бастап бөлімшенің өндірістік, СОБ, байланыс және ақпараттық технология, жол бөлімдерінде жетекші инженер болып қызмет атқарып келеді.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімінде еңбек ететін майталман мамандар қатарында «Үздік маман» және «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері Гүлнар Баймағамбетованың орны бөлек. Мереке қарсаңында аймақ теміржолына белгілі маманмен аз-кем сұхбат құрған едік.

– Гүлнар Сашиқызы, бала кезіңізде қандай арманыңыз болды?

– Бала кезімізде үлкен әйнекті терезелері бар зәулім ғимарат маңында жиі ойнаушы едік. Үстеріне жарасымды жұмыс формасын киген адамдардың осы ғимаратқа кіріп-шыққанын көріп, киімдеріне қатты қызығып, мен де өскенде осындай болсам деп армандайтынмын. Оған қоса дәліздегі гүлдерге қызығатынмын. Өскенде гүл өсірем деп ойлайтынмын. Дегенмен, менің теміржолшы болуыма бірден-бір әсер еткен адам,  теміржолшы мамандығын қатты құрметтейтін  әкем Саши болатын. Мектепті бітірген соң әкемнің ақылымен Қызылордадағы теміржолшылар техникумына түстім. Сосын жоғары білім алып  бір кезде өзім оқыған  техникумға жұмысқа тұрып бірнеше жыл сабақ бердім.    

– Өндіріске қашан келдіңіз?

– Елде болып жатқан өзгерістердің әсері білім беру саласына да тие бастады.  Соған байланысты біздің техникум да біріктіріліп, штаты қысқарды да өзге салаға жұмыс ауыстырдым. 2005 жылы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде диспетчерлік штаттың ашылуына байланысты құжаттарымды тапсырдым, сараптамадан өтіп жұмысқа қабылдандым. Магистральдық желі бөлімшесіне жұмысқа келгеннен кейін диспетчерліктен өндірістік бөлімге одан  әрі жол бөлімінің жетекші инженері болып осы мекемеде жиырма жылға жуық жұмыс істеп келемін.

– Бала күніңізде терезесінен сығалаушы едіңіз, қазір форма киіп сол ғимараттың ішінде жүрсіз. Бұл сәйкестік пе, әлде басқа сыры бар ма?

– Иә, дұрыс айтасыз. Алғаш жұмысқа келгенде сол бала күнгі осы үлкен ғимаратта жұмыс істесем деген арманымның орындалғанына көз жеткіздім. Менің де ұстаздарым болды. Осы бөлімшеде жұмыс жасаған 18 жыл ішінде мен де талай жасқа ұстаз болдым, жас диспетчер, инженерлерге оқып-білген тәжірибеммен бөлістім.  Шәкіртіңнің сатылай өскенін көру, одан «рахмет» деген алғысты есту, оларға сіңірген еңбегіңнің еш кетпегенін көру де бір бақыт деп білемін. Шынар Күлбарақова, Ринат Хорамбаев және Мөлдір Акишева сынды жастарға ұстаз бола алғанымды мақтан тұтамын.

  

– Ал  әулетте ізбасарларыңыз бар ма?

–  Ұлым Дамир Аужанов Логистика және көлік  академиясында оқиды, студент. Болашақта  менің жолымды жалғайтын теміржолшы болады деп үміттенемін.  

– Рахмет! Мереке құтты болсын! Еңбекте дәйім жемісті болыңыз.    

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда

Басқа да жаңалықтар