Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды

Жаңалықтар
09.05.2026, 10:28
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ғимаратында көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеңес аясында жобаларды іске асыру барысы, құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі қарқыны және нысандарды уақтылы аяқтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.

Кеңеске Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының өкілдері қатысты.

Белгіленген мерзімдердің сақталуына, мемлекеттік органдар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және мердігер ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге, сондай-ақ жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлердегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді. Көлік министрлігі жобалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды