25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады

Аймақтар
08.05.2026, 16:26
Фото автора
Ольга Ушакова

Собственный корреспондент по ВКО, г. Усть-Каменогорск

Жеңіс күні қарсаңында Өскемен өңірінің теміржолшылары Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы сала еңбеккері Александра Тихоновна Саратовцеваның үйіне барды. Бүгінде 101 жастағы майдангердің қызы Варварамен бірге тұратын жайлы пәтерінде соғыс туралы естеліктер айтылып,  денсаулық, ашық аспан, бейбіт күн тілеген адами жылы тілектер тиегі ағытылды.  

Ардагерді құттықтауға НЖС-6 өңірлік теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Құсайын Қожахметов, Семей жүк тасымалдау бөлімшесі директорының Өскемен аймағы бойынша орынбасары Марат Уәлиев, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Орталық кеңесінің өкілі Айгүл Жайлаубаева келді. Қонақтар Александра Тихоновнаға гүл шоқтарын ұсынып,  естелік сыйлық пен "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың алғыс хатын табыс етті.

Хатта теміржолшылар үшін Александра Саратовцева - «батырлықтың, ар-намыстың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің  бейнесі көрінісі» екені айтылған. Компания басшысы ардагерге соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі, бейбіт уақыттағы көпжылдық еңбегі үшін алғыс айтып, жақындарының жылылығы мен жан тыныштығын және мықты денсаулық тілейді.

- Александра Тихоновна биыл 101 жасқа толды. 19 жасында майданға аттанып, өрт сөндіру желісіндегі көпірлердің құрылысына және оларды қалпына келтіруге қатысты. Біз оған деген құрметіміз бен  алғысымызды білдіруге келдік, - деп атап өтті Құсайын Қожахметов.

Марат Уәлиев та өз кезегінде ардагерге  сый-сыяпатын  табыс етіп, мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Оның айтуынша, мұндай кездесулер ардагерлерді құттықтаумен ғана шектелмей,  сұм соғысты бастан кешіп,  кейін елді көтерген жандарды еске алуға   мүмкіндік береді.

Александра Саратовцева 1925 жылы Пенза облысының Николаевка селосында  дүниеге келген. Соғыс жылдарында көптеген әйелдер сияқты ауыр жұмыс істеген.  Тәулік бойы, үнемі атыс қаупі бар аймақта жүрді. Жеңіс күнін Польшаның Новы-Сонч қаласында қарсы алды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Сталинградты азат еткені үшін» медалімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1953 жылдан бастап Александра Тихоновна Ақтөбе қаласында тұрып   жұмыс істеді, екі қызын өсірді. 2019 жылы Өскеменде тұратын қызының қолына көшіп келді.    

Соғыстан кейін тағдыр оны темір жолмен байланыстырды. 1953 жылы Александра Тихоновна Ақтөбеге көшіп келіп, Ақтөбе жол бөлімшесінде экспедитор, теміржол балабақшасында, болашақ теміржолшыларды даярлайтын училищеде комендант болып еңбек етті.

Ардагердің қызы Варвара соғыстан кейінгі жылдары анасының қандай болғанын еске алды.

- Ол өмір бойы көп жұмыс істеді және ешқашан шағымданған жоқ. Сіңлім екеумізді жалғыз өзі өсірді десек болады. Ол өте қайсар жан,  бәрін өзі жасауға тырысты, - деді Варвара.

Александра Тихоновна құттықтауды мұқият тыңдап, қонақтарға ризашылықпен алғыс айтты.  Бұл - бір кездері бізге бейбіт өмір сыйлаған адамдарға алғыс айтудың қаншалықты маңызды екенін еске салған өте шынайы әрі жүректен шыққан жылы  кездесу болды.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде