Қызылорда НОДГП-10 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаевтың ұйымдастыруымен Қызыл мүйісінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өтті.

Нод-ГП бас инженері Күлхан Белкібаев, "Қазкөліккәсіп" ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.

Жалпы ГП Қызылорда жүк тасымалы филиалында 500-ден астам қыз-келіншек жұмыс істейді, соның 265-і тасымалды ұйымдастыру және аппарат қызметкерлері.

Салтанатты шара барысында осы айтылған 265 қыз-келіншектің барлығына сыйлық пен гүл табысталды және 2023 жылы зейнетке шығатын 10 қызметкер Құрмет грамотасына ие болды.