Француздық «Alstom» компаниясы еліміздің төрт өңірінде электровоз өндірісін ашады

Жаңалықтар
11.03.2023, 13:45

Темір жол көліктері өндірісімен айналысатын француздық компания еліміздің екі қаласы мен екі облысында электровоздар мен жылжымалы құрамға арналған жабдықтар, теміржол көлігі инфрақұрылымын өндіру және оларға техникалық қызмет көрсету өндіріс орнын ашады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның айтуынша, «Alstom» компаниясы Астана, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында электровоз шығарып, оларға қызмет көрсететін өндіріс орнын ашуды жоспарлап отыр. Оған қоса, бұл жобаны іске қосу барысында жергілікті мыңдаған маманды дайындау қажет болады.  

Айта кету керек, өткен жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Alstom Transport SA» АҚ арасында бірқатар келісімге қол қойылған болатын.

Құжатқа сәйкес, Alstom компаниясы 2023-2029 жылдар кезеңінде қазақстандық зауытта ЭҚЗ электровоз шығарады және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін 245 электровоз жеткізіп береді. Төрт өңірде ашылғалы отырған өндірістік жобаларды жүзеге асыруға «Alstom» 50 миллион еуро шамасында инвестиция салуды көздеп отыр. Бұл еліміздегі электровоздардың қазіргі тапшылығы мәселесін шешеді және қазақстандық жүк жөнелтушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек.

Брифинг барысында Роман Василенко былтыр Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 40 млрд долларға жеткенін атап өтті.

«Қазақстан «екінші буын» келісіміне – ЕО және оған мүше мемлекеттермен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған және оны ратификациялаған аймақтағы жалғыз ел болып қала береді. Бұл ретте Қазақстан өткен жылы сирек кездесетін металдар, «жасыл» сутегі, аккумуляторлар, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту, сондай-ақ тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыру сияқты жаңа салаларда ынтымақтастық орнатты», – деді Р. Василенко.

Сонымен қатар ол Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі жұмыстар қалай жүріп жатқанына тоқталды.

«Кейінгі уақытта біздің азаматтарымыз Транскаспий халықаралық көлік бағыты туралы жиі естіп жүргені белгілі. Оны дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың мамыр айында Алматыдағы Орталық Азия - Еуропалық одақ екінші экономикалық форумы аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Транскаспий халықаралық көлік бағытын бағалау бойынша зерттеу қорытындыларының тұсаукесері күтілуде. Содан кейін Еуропалық одақпен және басқа да мүдделі серіктестермен бірлескен жобаларды дереу іске асырамыз деп үміттенеміз», – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды