«Жеті қадам» жобасына 6 жас теміржолшы қатысты

Жаңалықтар
14.03.2023, 09:23
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы жас көшбасшылардың білімі мен біліктілігін дамытуға арналған «Жеті қадам» жобасының 2-ші модулі Ақтау қаласында өтті. Оған барлығы 50 адам, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дан 6 жас теміржолшы қатысты.

Биыл ақпанда модульдік бағдарламаның 1-ші модулі өткен болса, наурыздағы 2-модуль «Жобалық басқару» тақырыбына арналды. ҚТЖ-дан қатысқан жастар – «Вагонсервис» АҚ, Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы, Астана вокзал шаруашылығы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және әлеуметтік саясат департаментінің қызметкерлері.  

– Бұл жобаға өту үшін бұған дейін бірнеше сынақтан өттік. Алдымен 2022 жылы жастар форумында өткен челленджге қатысушылар арасынан 50 адам іріктеліп алынған. Модульдік оқыту жобасының мақсаты – Қордың компаниялар тобындағы жас мамандардың көшбасшылық әлеуетін арттыру, оларды басқару құзыреттілігі техникаларымен таныстыру, коммуникациялық машықтарын дамыту, командада жұмыс істеуге бейімдеу, бюджеттік жоспарлау қағидаттарын ұғындыру, – дейді жобаға қатысушылардың бірі Астана теміржол вокзалы кешенінің вокзалды пайдалану бөлімінің менеджері Әйгерім Садықова.  

Модульдік оқыту мерзімі – 2023 жылдың ақпаны мен тамыз айларының аралығы. Әр модульдік оқыту екі күннен тұрады. Жалпы «Жеті қадам» бағдарламасы 7 модульден тұрады және әр модуль Қазақстанның әр қаласында өткізіледі. Әр модульден кейін қатысушылар үй тапсырмасын орындап, балл жинайды. Сол тапсырманы дұрыс орындаған қатысушылар ғана келесі модульге өте алады. Келесі модуль еліміздің басқа қаласында ұйымдастырылады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті