Балалар теміржол көлігінің әліппесімен танысты

Жаңалықтар
14.03.2023, 10:56
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Кейбіріміз бұл тұрғыда қателессек, енді біріміз сәтті қадам жасап жатамыз. Мектеп табалдырығында жүргенде-ақ «Кім болам?» деген сауал алдымыздан шығады.

Жуырда Ақтау көлік колледжіне барған балақайлар да өздерін жаңа кәсіп иесі ретінде танып көрген болса, ғажап қой. Колледждің ұйымдастыруымен №12 жалпы білім беретін орта мектептің 1-сынып оқушылары «Жол сақшыларының жұмыс процесі» экскурсиясына, ал «АсметҰлас» инновациялық мектеп-гимназиясының 1-2 сынып оқушылары «Теміржолшы балақай» атты колледждегі ашық дәрістерге қатысып, ұстаздардың сабағын тыңдады. Бастауыш сынып оқушылары теміржолшы кәсібінің алғашқы әліппесімен танысып, өздері мініп, дауысын естіп жүрген пойыздың қалай жүретінін, онда қауіпсіздікті сақтаудың қандай маңызды екенін көзбен көріп, көңілге тоқыды. Іс-шара М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің ұйымдастыруымен «WorldSkills-2023» қозғалысы аясында «Кім болғым келеді?» мамандық таңдау фестивалінің «BabySkills» жобасы бойынша өтті.

– Жобаның мақсаты – балаларды жастай теміржол көлігінің әліппесімен таныстырып, техникалық шығармашылығын дамытуға, болашақта мамандық таңдауда білімін жетілдіруге ықпал ету, кім біледі ертеңгі күні осы балақайлардың арасынан талай теміржолшылар шығар, – дейді шараны ұйымдастырушылар.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл