Атырауда Көрісу мерекесі тойланды

Жаңалықтар
15.03.2023, 12:19
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Көрісу – Батыс өңірде кең таралған дәстүр. 14 наурызда жаңа ай туды, көктем келді деп есепетелінеді. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып, төс қағыстыра амандасады. Биыл осындай мереке Атырау өлкесінде бұқаралық сипат алып, кеңірек атап өтілді.  

Атырау әуежайы мен темір жол вокзалында, қоғамдық көліктерде халықтың көңілін көтеру мақсатында домбыра-сырнаймен ән айтылып, «ақ мол болсын!» деп жолаушыларға шұбат пен бауырсақ ұсынылды. Көрісу күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры алаңында «Амал келді – жыл келді» атты мәдени-көпшілік шара өтті. Ақсақалдар ақ батасын беріп, жас келіндер қонақтарға шашу шашты.

Барлық темір жол мекемелерінде де көрісу мерекесі дәстүр бойынша аталып өтіледі. Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ комитетімен бірлесе көрісу салтын ұйымдастырды. Жұмыс аптасы басталар шақтағы таңғы 8-де дастархан жайылып, қымыз бен шұбат, бадана бауырсақ, сүзбе мен жент, т.б. тәттілер қойылды. Ұлттық киім киген қыз-жігіттер келушілерге дәм ұсынып, қызмет етті. Қызметкерлер, жан-жақтан желіден келген жұмысшылар бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре болысты. Үлкендер жағы «Көрісу салты құтты болсын, жыл басымен», «Жылдан жылға аман жетейік!» деп баталарын берді. Желі бойындағы теміржолшылар да бұл мерекеден қалыс қалған емес. Аққыстау, Дина Нұрпейсова, Атырау, т.б. станциясының теміржолшылары жұмыста бәрі бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып көрісті.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды