АҚШ Транскаспий халықаралық дәлізі бойынша Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті

Жаңалықтар
17.03.2023, 09:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайту мен тиімді ынтымақтастықты арттырудың жолдары талқыланды.  

Ведомство вице-министрі Динара Щеглова АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша сауда өкілінің көмекшісі Брендан Линчпен кездесіп, пайдалы қазбаларды өндіру, геология және минералдық ресурстар саласындағы әріптестік, көлік және транзиттік қарым-қатынастарды сөз етті.  

Д.Щеглова елімізде көлік-транзиттік әлеуетті дамыту мен көлік дәліздерін жаңғырту үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. Вице-министр Транскаспий халықаралық көлік бағытына, оның ішінде Ақтау портында контейнерлік хабты құру және Құрық портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысына ерекше тоқталды. Америкалық тарап өз кезегінде Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, нақты айтқанда Транскаспий халықаралық көлік маршрутының жекелеген жобалары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендерін білдірді.  

Кездесу қорытындысына екі тарап та ризашылықтарын жеткізді. Қазақстан жағы мұхиттың арғы жағындағы алпауыт елмен байланысты нығайтуға қашан да мүдделі.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті