Тежегішті дұрыс қолдануға арналған тәжірибелік сабақ өтті

Жаңалықтар
21.03.2023, 10:17
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда пойыздар тежегішін дұрыс қолдана білудің маңызы зор. Жуырда сол мақсатта Атырау локомотив пайдалану депосында вагон пайдалану депосы мамандарымен бірлескен «Тежегіш жабдығына – ерекше бақылау» атты айлық аясында практикалық сабақ өтті.

Оған Ганюшкино, Атырау, Ақжайық, Махамбет, Мақат, Сағыз, Құлсары өндірістік-техникалық қызмет көрсету пункттерінің басшылары, нұсқаушы, техникалық оқыту шеберлері, слесарь-жөндеуші, аға вагон қараушылар, инженер-технологтары – барлығы 17 адам қатысты. Теориялық сабақ барысында жылжымалы құрамның тежегіштерін пайдалану бойынша нұсқаулықтар, тежегіштерді пойыз жүріп бара жатқанда басқару, станцияларда автотежегішті толықтай тексеріп шығу, стандартты емес жағдайларда локомотив бригдаларының әрекеті қандай болуы керек деген сынды мәселелер айтылып, жан-жақты түсіндірілді.  

Ал практикалық сабақ барысында пойыз тежегіштерін бақылап тексеру тәртібі көрсетілді. ТЧЭ-3 және ВЧД-1 мамандары ТЭ33А-0240 сериялы тепловоз кабинасында табло арқылы тежегіштер жұмысының қыр-сырымен танысты.  

Атырау локомотив пайдалану депосының нұсқаушылары Б.Жұмалиев пен М.Набиев тежегіштер жүйесінің жұмысын тәптіштеп түсіндіріп, қолмен көрсетіп, сұрақтарға жауап берді. Қысқасы, тежегіш тақырыбын зерттеген сабақ болды.  

Нұсқаушылардың айтуынша, бұрынғы ТМ тепловоздары қарапайым, қондырғысы оңай болса, Эволюшн тепловоздары толықтай компьютерлендірілген. Мұнда тепловоздың май деңгейі, шығын, тежегіш жұмысы, басқа да мәліметтерді таблода көрсетіп тұрады. Сондықтан жөндеу жұмыстары да күрделі.  

Атырау вагон пайдалану депосының бас инженері Рашид Мұсабаевтың айтуынша, мұндай бірлескен техникалық оқу тұңғыш рет өткізіліп отыр және ол өте қажет дүние. Өйткені пойыз тұрып қалған жағдайда локомотив бригадасы мен вагоншылар комиссия шешімімен оның себебін анықтауға тырысады. Осы тұста әр түрлі пікірлер қайшылығы да туындайды. Өйткені тепловозда да, вагонда да тежегіш болады. Ақау қайсысынан шықты? Міне, осыны анықтау қажет. Ал мұндай практикалық сабақ ақауды тезірек тауып, бірлесе әрекет етуге жұмылдырады. Алдағы уақытта осындай практикалық сабақ Мақат локомотив депосында да өткізілмекші.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды