Астаналық теміржолшы ұлттық өнерді жаңғыртуда

Жаңалықтар
21.03.2023, 10:23
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» вокзал кешені персоналды басқару бөлімінің менеджері Айдана Сүлейменованың керемет өнері – көздің жауын алатын құрақ көрпелер тігеді. Бұл өнерді ол коронавирус пандемиясы кезіндегі карантин уақытында қолға алыпты.

Жұмыс тоқтап, үйде отырған кезде ол туған жері Ақтөбеге кетеді.  

– Сол жақта уақытша жұмыссыз жатқандықтан өзіме хобби ретінде осы өнерді таптым. Анам әжем жинаған 2 қапшық қалған-құтқан маталарды берді. Ютубтан қарап отырып, кесіп-пішіп, құрақ тіге бастадым, өз бетімше үйрендім. Карантин кезінде 2 айдың ішінде 7 көрпе құрап шықтым. Одан кейін неше түрлі курстар сатып алып, қазіргі заманауи үлгідегі құрақ көрпелерді тіге бастадым. Құрақ көрпеден басқа киім тігемін, тоқыма тоқимын. Анам «қолөнер – қыздың қолы, үйрен» деп отырады. Басқа да ұлттық өнерден құр алақан емеспін. Жалпы қолөнерге деген қызығушылық нағашы әжемнен де, туған әжемнен де дарыған, – дейді өнерлі теміржолшы.  

Ақтөбеде дүниеге келген ол теміржолдан жоғары білім алған соң елордаға келіп қызметін вокзалда кезекші болып бастаған. Бүгінде кадр қызметінде, жұмысы қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, шығару, еңбек демалысын берумен байланысты.  

– Жалпы кадр бөлімі болғандықтан 100 пайыз қызметкерлермен тікелей жұмыс істейміз. Қазір бізде 300-ден астам қызметкер бар. Солардың ай сайынғы еңбек демалысы, жұмысқа қабылдануы, материалдық көмек көрсету, бала туу, отбасын құру, медициналық сақтандыру, балаларына жолдама беру, медициналық тексеруге жіберу, соны қадағалау, әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысу, ұжымдық рухты көтеруге атсалысу сынды кадр бөлімінің жұмыстары жеткілікті, әр кезде жұмысшылардың мәселелерін шешуге тырысамыз, – дейді Айдана.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды