«Теміржол білгірлері» интеллектуалдық турнирі өтеді

Жаңалықтар
04.04.2023, 10:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің ұйымдастыруымен «Теміржол білгірлері» интеллектуалдық турнирі өтеді. Осы сәуір айына жоспарланып отырған шараның мақсаты – интеллектуалды-шығармашылық, команда құрушы ойындарды ұйымдастыру арқылы корпоративтік мәдениетті нығайтып, теміржол зиялыларының ортасын қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.

– Турнирді өткізудегі басты міндет – компанияның корпоративтік құндылықтарын дәріптеу, қызметкерлердің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, қызметкерлердің адалдығы мен ынтасын арттыру. «Теміржол білгірлері» интеллектуалдық турнирін 12 сәуірде Орталық аппарат қызметкерлері арасында оффлайн түрде бастағалы отырмыз, – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.  

Барлығы 4 турдан тұратын байқауға Орталық аппарат қызметкерлері оффлайн, ал филиалдар мен еншілес ұйымдар қызметкерлері онлайн түрде қатыса алады. Бірінші тур – қызықты деректер, екіншісі – байланыстыру, үшіншісі – бейне сауал, төртінші тур – логикалық сұрақтарға арналады. Іріктеу кезеңінде әр команда 5 адамнан құралады, жүргізуші сұрақтарды экранға шығарады және оларға түсініктеме береді. Сұрақ барлық командалар үшін бірдей болады. Жауаптарды командалар арнайы бланктерге толтырады және оны онлайн форматта қатысып жатса, ұйымдастырушыларға WhatsApp желісі арқылы жолдап, ал Оffline форматында отырса, қолма-қол тапсырады. Онлайн қатысатын еншілес ұйымдар мен филиалдардың қызметкерлерінде сапалы интернет желісіне қосылған ноутбук, компьютер болуы керек. Әрине, ең көп сұраққа жауап берген команда жеңіске жетеді.

Турнирдің ақтық сайысы Астанада өтеді. Соңғы сайыста Орталық аппарат, филиалдар және еншілес ұйымдар қызметкерлері арасындағы іріктеу турларының нәтижесі есепке алынады. Командалар үшін сұрақтар экранға беріліп, жинаған балдар саны да экранда шығып тұрады. Шешуші турнир 2 сағаттың ішінде өткізіледі. Соңында жеңімпаз командалар марапатталып, диплом және арнайы сыйлықтарға ие болады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті