Қытай елшісімен Транскаспий көлік бағытын дамыту жолдары талқыланды

Жаңалықтар
05.04.2023, 11:03

Қазақстан мен Қытай арасында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жолдары талқыланды. Мәселе ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде көтерілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық әріптестіктің перспективасы талқыланды.

Атап айтқанда, кездесуде көлік-транзит, азаматтық авиация және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері қаралды. Оның ішінде жаңа индустриялық өндіріс орындарын құру және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жолдары талқыланды.

Кездесу барасында 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы экспорттық-импорттық және транзиттік жүк тасымалдарының жалпы көлемі 3 млн тоннаға артқаны ерекше атап өтілді.

Марат Қарабаев айтып өткендей, жыл сайын екі ел арасында жүкті көлікпен тасымалдауға қатысты 50 мыңнан астам көлемде қағаздағы рұқсат бланкілерімен алмасу жүреді.

«Рұқсат құжаттарымен алмасу процесін жеңілдету және мемлекеттеріміздің автотасымалдаушыларының қолайлығы үшін оларды цифрландыруды ұсынамыз», - деді Марат Кәрімжанұлы.

Сонымен қатар екі елдің шалғайдағы өнеркәсіптік және теңіз порттары орналасқан өңірлерге жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін қосымша маршруттарды белгілеу ұсынылды.

Бұдан бөлек ҚР ИИДМ басшысы тұрақты авиарейсті ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендігін айтты. М.Қарабаевтың сөзінше, биылғы көктем-жаз аралығында аптасына 24 рейске дейін іске асыру көзделген.

Кездесудің қорытындысына сәйкес екі мемлекеттің ресми өкілдері іскерлік әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп, өзара тиімді әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды