Шымкенттік теміржолшылар Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтті

Жаңалықтар
10.04.2023, 14:59
Суретті түсірген автор

ТЧЭ-32 Арыс локомотив пайдалану депосына қарасты ТД-16 Шымкент локомотив айналым депосы қызметкерлері арасында «Никотиннен – витаминге» акциясы өтті.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының ұйымдастыруымен 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні құрметіне өткен шарада теміржолшылар алдымен  спорт нұсқаушысы Е.Маньшинаның басшылығымен жеңіл сергіту жаттығуларын жасады. Содан кейін локомотившілер денсаулығын дәрігерлер тексеруден өткізді.  М.Тынышбаев атындағы Шымкент көлік колледжінің студенттерінен құралған волонтерлар тобы болса акцияға қатысушыларға жеміс-жидектер мен витаминдер таратты. Денсаулық сақтау күні өтіп жатқан игі шара көптің көңілінен шығып, бірталай теміржолшы қалтасынан темекі қорабын шығарып, витаминге айырбастап жатты.    

Дәл осы күні, яғни өткен жұмада «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының қызметкерлері де денсаулық күнін атап өтті. Бұл күні бірыңғай сары киім киген олар мотивациялық семинар-тренинг өткізіп, денсаулықты шыңдау үшін спортпен айналысуға, қоғамды белсенді болуға шақырды.  

«Сары жұмада» күн бейнесіндегі іс-қимылдар жасап, достық флэшмобын биледік. Көпшілік бір сергіп қалды, көтеріңкі көңіл күймен тарасты», – дейді  шараны ұйымдастырушы бөлімшедегі кадр қызметінің бастығы С.Тлеумбетов.  

Сабира БАЙЗАХОВА, Шымкент

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды