Транскаспий дәлізінің әлеуетін толыққанды ашу зор маңызға ие – Президент

Жаңалықтар
10.04.2023, 18:51

Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлеуетін толыққанды ашу зор маңызға ие. Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлеуетін толыққанды ашу зор маңызға ие. Сөз логистикалық қызметті жетілдіру, бірыңғай көлік операторларын құру, техникалық және тарифтік шарттарды жаңғырту, әкімшілік кедергілерді жою және тұйық логистикалық цикл қалыптастыру жайында болып отыр. Сонымен қатар 2022-2027 жылдарға арналған Орта дәлізді дамыту жөніндегі жол картасын тиімді жүзеге асыру зор маңызға ие. Біз бұл бағытқа арта түскен қызығушылықты толықтай қолдау және оның инфрақұрылымдық дамуына үшінші елді тарту маңызды екендігіне келістік. Бұл іс-шаралардың барлығы, сондай-ақ халықаралық серіктестерімізбен өзара тығыз іс-қимыл «Шығыс-Батыс» бағытында жүктерді тұрақты және жедел жеткізуге кепілдік беруге жол ашады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуға да баса назар аударылғанына тоқталды.

«Бүгінде әлемдік нарыққа энергия ресурстарын жеткізуді одан әрі әртараптандыру біздің басым міндетіміз саналады. Өздеріңіз де білетіндей, биыл біздің уағдаластығымыздың арқасында Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнайдың бірінші партиясы жөнелтілген болатын. Келесі қадам – жеткізу көлемін арттыру және оған ұзақмерзімді тұрақты сипат беру», - деді Президент.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды