Бурабайда 150-ден 800 метрге дейінгі түйіспесіз бунақтар өндіріліп жатыр (Фото)

Жаңалықтар
11.04.2023, 11:34
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бурабай курорты аймағында орналасқан №1 рельс дәнекерлеу кәсіпорны – Қазақстан темір жолының тапсырысымен жұмыс істеп келе жатқан іргелі өндіріс орны. Франция, Австрия, Ресей, Украина елдерінің техникалық жабдықтарымен «қаруланған» кәсіпорында жұмысшылар үшін қолайлы еңбек жағдайы жасалған.

Кәсіпорын 100 метрлік жаңа рельстерден ұзынөлшемді рельс бунақтарын дәнекерлеумен, сонымен қатар ескі жарамды рельстерге екінші жаңа «өмір» сыйлаумен, яғни түзеу, ақауларын анықтау, қайта профильдеу арқылы жөндеу жүргізіп, оларды ұзынөлшемді немесе 25 метрлік бунақтарға біріктіріп дәнекерлеумен айналысады. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысшылары жолда төселіп жатқан рельс бунақтарын ПРСМ машиналарымен қалпына келтіріп, рельстердің тозған ұштарын, қосқыштарды және бағыттағыш бұрмалардың айқастырмаларын дәнекерлеу жұмыстарын іске асырады. Кәсіпорында рельс бунақтарын дәнекерлеу бойынша негізгі жұмыстардан бөлек, Жол және құрылыстар департаментінің тапсырысы бойынша жолдың үстіңгі құрылымына қажетті материалдар, атап айтқанда рамалық рельстер, оның ішінде оларды жаңарту, өтпелі профильді рельстер, рельстік қосқыштар, пішінді рельстер дайындайды.  

– Кәсіпорынның негізгі қызметі – рельс бунақтарын дәнекерлеу. Негізінен, теміржолға төсеу үшін 25 метрлік жаңа рельстерден ұзындығы 150-ден 800 метрге дейінгі ұзындықтағы түйіспесіз бунақтарды дайындаймыз. Жолға төселген ұзынөлшемді бунақтар пойыз жылдамдығын қауіпсіз арттыруға мүмкіндік береді, пойыз жүрісі жайлы болады, өйткені түйіспе жолдардағыдай дірілдеу болмайды, сондықтан оны халық арасында «барқыт» жолдар деп те атайды. Оның үстіне, түйіспесіз жолдар проблемасы жоқ жолдар болып саналады. Ал түйіспе болған жағдайда бекітпе-бұрандамалардың, тағысын тағы дүниелердің күйін бақылап, тексеріп отыру керек, – дейді «Бурабай курорты РДК» директоры Әнуарбек Шұлғауов.  

Оның айтуынша, ертеректе рельстік түйіспесіз бунақтарды дәнекерлеу үшін 25 метрлік рельстер Ресей мен Украинадан тасымалданған екен. Ал рельс шығаратын Ақтөбе зауыты пайдалануға берілгеннен кейінгі 2017 жылдан бастап ұзындығы 100 метрлік қазақстандық жаңа рельстер дәнекерлене бастаған. Ақтөбе рельс арқалық зауытынан Бурабай РДК-на 100-120 метрлік рельстерді тасымалдау үшін өткен жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ екі рельс тасымалдаушы бес деңгейлі құрамдар сатып алған. Кәсіпорында дәнекерлеуден өткен ұзынөлшемді рельс бунақтары арнайы рельстасымалдаушы құрамдарға тиеліп, солтүстік және шығыс өңірдегі жол дистанцияларына, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды жол бөлімшелеріне жол тартады.  

Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны биылғы жылға ауқымды жұмыстар жоспарлап отыр. Мәселен, 263,2 км/п көлемінде жаңа рельстерден және 45,5 км/п көлемінде ескі жарамды қайта өңделген рельстерден түйіспесіз бунақтар дәнекерлеу межеленсе, 14,4 км/п көлемінде ескі жарамды 25 метрлік рельстер жөндеу және дайындау жоспарланған. Сонымен қатар биыл 8000 түйіспе жолда ПРСМ машиналарымен ресль бунақтарын қалпына келтіру қарастырылған. Жаңа және ескі жарамды рельстерді ажарлап, теңдеуші рельстер, рамалық және өтпелі профильді рельстер әзірленбек. Өткен жылы кәсіпорын барлық межеленген тапсырмаларды 100 пайызға немесе асыра орындап шықты. Жалпы кәсіпорынның алдына қойған міндеттерін толық атқаруға техникалары да, білікті мамандары да жеткілікті.  

Рельс дәнекерлеу кәсіпорнының үш өндірістік желісі бар. Сонымен қатар Ресейде шығарылған жеті ПРСМ жылжымалы рельс дәнекерлеу аппараты Қазақстанның барлық аумағында жұмыс істейді. РДК-1 кәсіпорнына балама мекемелер РДК-2 Жамбыл облысындағы Луговой станциясында және РДК-3 Ақтөбеде жұмыс істеуде. Үш кәсіпорын арасында тығыз байланыс орнаған.  

Бүгінде кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыс істейді. Цехтарда қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтау басшылық тарапынан бақылауға алынған. Жұмысшылар арнайы киіммен, аяқ киіммен, көзілдірікпен қамтамасыз етіліп, тегін сүт беріледі. Киінетін бөлмелер, душ, тамақтану орындары санитарлық талапқа сай жарақтандырылған. Енді кәсіпорын базасында шағын асхана ұйымдастыру жоспарлануда. Оған қажетті барлық ас үй жабдықтары сатып алынып, арнайы орын-жай қарастырылған. Биылдан бастап жұмысшылар өз асханаларында тамақтанатын болады.  

 

Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды