ҚР Сыртқы істер министрлігі Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін  беру және үкіметтің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Rail-news.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін", - деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар, құжатта "Ақтау теңіз сауда порты" Ұлттық компаниясы" АҚ "Ақтау Интернешнл" Ұлттық компаниясы" АҚ атауын өзгерту туралы көрсетілген.

Жоба мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.  Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші тораптарының біріне айналдыруды тапсырды.

Құжат Ашық НҚА сайтында 27 сәуірге дейін орналастырылған.