Әлихан Смайылов: Қытай-Қазақстан-Өзбекстан бағытын дамытуға мүдделіміз

Жаңалықтар
05.05.2023, 20:35

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің басшылары Әлихан Смайылов пен Абдулла Ариповтың төрағалығымен, екі елдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары және іскер топ өкілдері қатысқан Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі атап өткендей, Орталық Азиядағы барлық сауданың шамамен 80%-ы Қазақстан мен Өзбекстанның үлесіне тиесілі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты тереңдетудің, оның ішінде АӨК және тамақ өнеркәсібі саласындағы өзара сауданы кеңейтудің, сондай-ақ өнеркәсіп кооперациясын одан әрі дамытудың елеулі перспективалары бар. Бұл ретте «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылысының маңызы зор.

Сонымен қатар сауда қатынастарын одан әрі кеңейту транзиттік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды талап етеді.

«Біз Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытын дамытуға мүдделіміз. Бірқатар ірі теміржол жобасы осы бағыттағы өткізу қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында “Дарбаза – Мақтарал”, Алматы маңындағы айналма жол және “Достық” стансасын дамыту желілері бар», – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ экология және суды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытудың аса маңызды екенін, өйткені бұл мәселелер екі ел халқының тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететінін айтты.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды