Ешкім де ұмытылмайды

Жаңалықтар
06.05.2023, 12:23

Бұрын ордалы Оңтүстік атанған Түркістан облысы мен Шымкент қаласында санаулы ғана соғыс ардагері Ұлы Жеңістің 78-ші көктемін көргелі отыр.

Ардагер теміржолшыларға Қазақстан темір жолы атынан тиісті құрмет пен қамқорлық көрсетілуде. Бүгінгі таңда Шымкент темір жолына қарасты мекемелер есебінде тұрған 5 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Олар – кешегі сұрапыл соғыстың көзі тірі майдангерлері, қазіргі ұрпақтың мақтанышы. Атап айтсақ, Бадам станциясында тұратын Қалмен Муратов, Арыс станциясынан – Рахим Исмайлов, Шымкент станциясынан – Мусавали Пернебаев, ВЧД30 Арыс вагон пайдалану депосы есебінде тұрған соғыс ардагері Исамахаммет Ахметов пен Кемел Аршеев аталарымызға 9 мамыр – Жеңіс күні құрметіне сыйлық толы себеттер сыйға тартылып, 50 000 теңге көлемінде қаржы беріледі. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлік жолын жалғаған 21 ауған соғыс ардагері бар.

Елімізде жыл сайын қатары кеміп бара жатқан соғыс ардагерлерін қолдауға бағытталған түрлі акциялар арнайы жобалар жұмыс істеп келеді. Мысалы, «Жеңіс» жобасы Қазақстан бойынша қарияларға еріктілер көмегімен азық-түлік, медициналық дәрілер, үйге қажетті шағын жиһаздар беріліп келеді. Сонымен қатар жоба аясында қарттарымызға Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері бойынша теміржол көлігімен тегін жол жүру мүмкіндігі бар.  

Аталмыш жоба аясында 35 елді мекенде тұратын екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен тыл еңбеккерлері қатарында болған 1400 қарияға тұрақты түрде барып отыру, үйлері мен аулаларын жинауға көмектесу, жөндеу жұмыстарына қолғабыс ету, азықтүлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар сатып алу қарастырылған. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар ардагерлер тұрмыстық техникамен, мүгедектік арбаларымен және есту аппараттарымен қамтамасыз етілуде.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды