«Перроннан үйге дейін» интермодаль қызметін 900-ден астам жолаушы пайдаланды

Жаңалықтар
15.05.2023, 19:04
Оқуға 1 мин
Фото Александра ЖАБЧУКА

«Перроннан үйге дейін» қызметі енгізілген сәттен бастап №3/4 «Алматы – Астана» және №85/86 «Шымкент – Астана» пойыздарының 900-ден астам жолаушысы осы қызметті пайдаланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл жоба Астана қаласы бойынша жолаушыларды пойыздан үйге дейін жайлы шағын автобустармен тасымалдауды көздейді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін автокөлік «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінің №2 келу залынан  күтіп алады.  

 Жолаушыларға бұл қызметті пайдалану үшін вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Сонымен қатар, жолаушылар «http://uvu.kz/ktzmain» веб-сайты,  «Ktzh_pp_bot» Телеграмм боты, сондай-ақ https://wa.me/message/V2Z6NZNX5VRFF1 және 8 (702)616 96 30 нөміріндегі WhatsApp арқылы вокзалдан үйге трансферді өз бетінше сатып ала алады.

Болашақта мұндай қызмет жолаушыларға «Есіктен есікке дейін» сапарын қамтамасыз ете отырып, бір бағыт шеңберінде автобус және теміржол көліктерімен жол жүруді ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл жолаушыларға балама нұсқаларды іздеуге және көліктің әр түрі арасындағы  түйісулердің ыңғайлысын таңдауға уақытты едәуір қысқартады, сондай-ақ Қазақстан қалалары бойынша саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Естеріңізге сала кетейік, интермодальды тасымалдауды дамыту аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 900 астам жолаушысы пайдаланған «Трансфермен жол жүру» онлайн-сервисін іске қосқан болатын. Тікелей байланыс немесе бос орындар болмаған жағдайда, функция пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды