Бас инженерлерге арналған «Алғы шеп» модульдік оқыту бағдарламасы іске қосылды (Фото)

Жаңалықтар
16.05.2023, 10:38
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше Астанадағы Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және дамыту орталығында өңірлік деңгейдегі бас инженерлерге арналған «Алғы шеп» модульдік оқыту бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарламаның ашылу салтанатына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Лавриненко, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов және Аппарат басшысы Серік Кеулімжаев қатысты.  

Бірінші сөз алған Юрий Лавриненко «Алғы шеп» модульдік бағдарламасының мақсат-міндеті бас инженерлер қызметінің тиімділігін арттыру, бөлімшелердің қызметін басқарудың озық құралдарын енгізу, бас инженерлер институтының жаңа мәртебесін қалыптастыру, заманауи форматтағы кәсіби және көшбасшылық құзыреттерді дамыту екеніне тоқтала келіп, осы бағдарламаны әзірлеуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жалғыз құрылтайшысы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының рөлі мен маңызы зор екенін атап өтті.  

Қанат Әлмағамбетов бұл бағдарламаға компанияның бас инженері жетекшілік ететін қызметтің, Адами ресурстарды басқару департаментінің тыңғылықты дайындалып, жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

– Бас инженерлер қызметінің көкжиегі кең. Бас инженер деген сөз техникалық мәселелердегі бірінші басшы дегенді білдіреді. Бас инженерлердің техникалық білімдерін жетілдіру ұлттық компанияның басты назарында. Бүгінгі оқыту курсы сіздерге беріліп отырған үлкен білім қоржыны. Оны әрі қарай тарату сіздердің міндеттеріңіз болмақ, – деді Қанат Әлмағамбетов.  

Сонымен, «Алғы шеп» модульдік оқыту бағдарламасын ұйымдастыруға негіз болған басты алғышарттарға тоқталсақ, біріншіден, Қоғамның қауіпсіздік деңгейінің көрсеткіштерін және еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейінің көрсеткіштерін жақсарту болса, екіншіден, теміржолшылардың арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен уақытылы қамтамасыз етілмеуі себеп болған. «ҚТЖ» ҰК»АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сауле Истлееваның айтуынша, біліктілікті арттырудың маңызды алғышарттарының біріне, академиялық білім мен дағдылардың жоқтығы да себеп болған, өйткені бас инженерлердің 70%-ға жуығы бакалавриат бағдарламасын аяқтай отырып, сырттай жоғары білім алған.  

Екі ай бойы үш модульдік оқу сатысынан магистральдық желі дирекциясының, жүк және жолаушылар тасымалының өңірлік деңгейдегі 33 бас инженері өтеді. Әрі қарай оқыту курсынан өткен бас инженерлер өз білімдерін желілік деңгейдегі қызметкерлерге беріп, бөлісетін болады. Өңірлік бөлімшелер, филиалдар және еншілес ұйымдардың бас инженерлері бес күн бойы үнемді өндіріс, еңбек қорғау мәселелерінің қыр-сырына қанығып, қауіпсіздіктің әртүрлі формаларын зерттеп, меңгеретін болады. Бас инженерлер құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне арналған техникалық сабақтар өткізетіндіктен, оларға оқытудың негізгі ерекшеліктері мен оқыту процесінің құрылымын және әдістемесін жете меңгеру қажет.  

Екінші модуль метрология – қызметтің құқықтық негіздері, цифрлық дағдылар және профайлинг тақырыптарын қамтып, онлайн форматта өтетін болады. Ал үшінші, қорытынды модульде тыңдаушыларды кейстерді практикалық талдау, жобаларды қорғау, қорытындылар шығару, ал ең соңында үш модульдік оқыту курсынан өткенін растайтын сертификаттар алу шарасы күтіп тұр.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты