Машина жасау саласының әлеуеті қандай? (Фото)

Жаңалықтар
16.05.2023, 10:48
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

10-12 мамыр күндері елордада машинажасаушылардың XI форумы өтті. Отандық көлік құрастырушылар саладағы өзекті мәселелерді ортаға салған дәстүрлі форум аясында «Kazakhstan Machinery Fair 2023» машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастырылды. Маңызды іс-шараның соңғы күні бір секциялық бағыт теміржолдың машина құрастыру саласына арналды.

Бұл секция отырысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев төрағалық етті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда форумның былтырғы секциялық отырысының қорытындысы бойынша вагон жасауды дамыту бойынша Кешенді жоспар әзірленіп, ол қазіргі таңда бекіту үшін ҚР Үкіметінің қарауында жатыр. Секцияға қатысушылар машина құрастыру саласындағы өзекті мәселелерді сөз етті. «Qazindustry» КИЭО» АҚ машина құрастыруды дамыту дирекциясы басшысының орынбасары Сандуғаш Құспекова 2024-2028 жылдарға арналған машина құрастыруды дамытудың Кешенді жоспары аясында теміржолда машина құрастыруды қолдау шаралары жайлы баяндады.

– Теміржолдағы машина жасау секторын дамытуға бағытталған шараларға тоқталсақ, 2028 жылға дейін Қазақстанның вагон паркін жаңарту Бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен қатар егер жеке компаниялардың паркі 70 пайыз отандық локомотивтен тұрмаса, импортталған локомотивтерді тіркеуге, тасымалдауға лицензия беруді тоқтату, Конкурс жеңімпазын ҚТЖ компаниясының жылжымалы құрамын жөндеуге және қызмет көрсетуге арналған конкурстарды өткізу кезінде қызметтер мен тауарлар бойынша елішілік құндылық үлесінің ең аз шегін қамтамасыз етуге міндеттейтін сатып алуды жүргізу тәртібін анықтау, жылжымалы құрамды жөндеу немесе жаңғырту, дайындау бойынша функцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда сәйкестендіру кодының болу қажеттілігі туралы нормалар енгізу қарастырылады. Бұл мақсаттарды орындау үшін Қазақстанның даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жеңілдікті қаржыландыру жұмыстары көзделуде. Сонымен қатар отандық өндіріс орындарымен бірге вагон құюда сериялық өнімдер шығару жоспарланып отыр, бұл шығарылатын өнімдердің модельдік қатарын ұлғайтуға септік етеді. Бұған қоса теміржолдың машина құрастыру саласын дамыту бойынша орташа мерзімді перспективада басымдық жылжымалы құрамның компоненттері мен тораптарын жасауға беріледі. Бүгінгі таңда өндірілетін өнімдердің импорты 64 пайызды құрайды, жобаларды жүзеге асыру арқылы вагондарды локализациялау деңгейі 36 пайыздан 70 пайызға дейін артады деп отырмыз, – деді С.Құспекова.  

 

Бас инженердің айтуынша, Қазақстан қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес 2060 жылға дейін көміртек бойынша бейтараптыққа қол жеткізуге міндеттеме алған. Былтыр 26 тамызда ҚТЖ-да төмен көміртекті өндірісті дамыту бойынша Тұжырымдама бекітілген. Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженерінің орынбасары, Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Талғат Қанатбаев «Пойыздар тартымындағы төмен көміртекті технологияларды дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбында баяндама жасады. 

– ҚТЖ – энергия ресурстарын пайдаланатын ең ірі тұтынушылардың бірі. Біздің үлесімізге дизель отынын тұтынудың шамамен 30 пайызы, энергия тұтынудың 4 пайызы келеді. Компания энергия тиімділік бойынша көп жұмыс жүргізіп отыр. 2013- 2020 жылдар аралығында энергия тиімділігі көрсеткіші 17 пайызға жақсартылды. Біздің шығындарымыздың 90 пайыздайы пойыздар тартымына тиесілі. Соның үштен екісі – дизель отыны мен электр энергиясына кетеді. Компанияда энергия тиімділікті арттырудың драйверіне жаңа локомотивтерді, мысалы ТЭ33А сериялы машиналарды енгізу жатады. Қолданыстағы әдістер бойынша локомотивтерден ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар деңгейі 1770 тонна болса, электр тартымынан болатын қалдықтар – 1560 тонна, бірақ электр тартымына экологиялық тиімді көлік түрінде қарау қаншалықты дұрыс. Сондықтан мен қазір қолданыстағы ауаға зиянды қалдықтардың бөлінуін есептеу бойынша әдістерді қайта қарастыру керек дер едім, – деді баяндамашы.  

Жиында сонымен қатар көліктік машина құрастыру саласына кадрлар дайындау, Қазақстанда Stadler жолаушылар вагондарының заманауи түрлерін шығаруды ұйымдастыру тақырыбы да талқыланды. Өнімдері ҚТЖ-да пайдалануға беруге мақұлданып, өндіріске енгізуге рұқсат алған кәсіпорындар басшылары арнайы куәлікпен марапатталды.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті