ҚТЖ жазда 4,2 млн жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр

Жолаушылар тасымалы
13.05.2026, 09:15
Оқуға 2 мин

2026 жылғы жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушы шамамен 4,2 млн жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 230 мыңға жуық жолаушы Алакөл көлі курорттық аймағына қатынайды деп күтілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Маусымдық сұраныстың артуына байланысты жазғы кезеңде ҚТЖ 15 қосымша теміржол бағытын іске қосады. Алакөл бағытына пойыздар еліміздің ірі қалаларынан, соның ішінде Астана, Алматы, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодардан қатынайды. 

Қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады: 

№54/53 «Нұрлы жол — Достық»; 

№253/254 «Нұрлы жол — Достық»; 

№207/208 «Алматы — Достық»; 

№211/212 «Алматы — Достық»; 

№221/222 «Алматы — Достық»; 

№457/458 «Семей — Достық»; 

№459/460 «Өскемен — Достық»; «Қызылорда — Достық» тіркеме вагондары; «Алматы — Достық» тіркеме вагондары; «Павлодар — Достық» тіркеме вагондары; 

№201/202 «Алматы — Нұрлы жол»; 

№203/204 «Нұрлы жол — Шымкент»; №205/206 «Ақтөбе — Нұрлы жол»; 

№219/220 «Қарағанды — Балқаш»; 

№231/232 «Алматы-2 — Семей». 

«Жазғы маусымда жолаушылар тасымалына сұраныс жыл сайын артады. Әсіресе курорттық аймақтар мен ірі қалаларға қатынайтын бағыттарға қызығушылық жоғары. Осы кезеңде жолаушыларға қызмет көрсету үшін 2 мыңнан астам вагон, оның ішінде стандартты вагондар, «Тальго» құрамдары және электр пойыздары пайдаланылады. Вагондардың 86 пайызы кондиционер жүйесімен жабдықталған. Барлық жылжымалы құрам жазғы тасымалға алдын ала дайындалып, техникалық тексеруден және санитариялық өңдеуден өтті», — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов. 

Жолаушылар пойыздарында вагондарды тазалау және санитариялық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар жолаушыларға арналған жұмсақ алынбалы мүкәммал белгіленген талаптар бойынша жабдықталады. 

Барлық бағыттарда жолаушыларға фильм көруге және музыка тыңдауға мүмкіндік беретін мультимедиялық ойын-сауық порталы қолжетімді. Ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы жабдықталған вагондар қарастырылған. Сондай-ақ, билет рәсімдеу және вокзалдарда көмек қызметіне өтінім беру бойынша онлайн-сервистер жұмыс істейді. 

Жазғы тасымал маусымына дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде. Осы бағытта ҚТЖ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы, туристік операторлар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және салалық қауымдастықтар қатысатын жұмыс кеңестері өткізіліп келеді. Онда жазғы кезеңдегі жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, сұранысы жоғары бағыттарды қамту және қосымша рейстерді іске қосу мәселелері қаралады. 

Билеттер теміржол кассаларында, bilet.railways.kz ресми сайтында және цифрлық билет агрегаторларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасы арқылы алуға болады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды