25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Үш өңірде вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді

Жаңалықтар
13.05.2026, 16:35

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин 8 – 12 мамыр аралығында Алматы қаласындағы, Ұлытау мен Қарағанды облыстарындағы теміржол инфрақұрылымы объектілеріне жұмыс сапарымен барып, он теміржол вокзалының жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тексеру барысында құрылыс қарқынына, атқарылған жұмыс сапасына, өндірістік кестелердің сақталуына, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, өңірбасшылығымен, мердігерлік ұйымдар өкілдерімен және техникалық мамандармен жұмыс кеңестері болып өтті.

Сапар аясында Сарыбел, Мырза, Нұра, Қарағанды – Сұрыптау, Жаңа Қарағанды, Жаңаарқа, Жезқазған, Қаражал, Қызылжар және Алматы-1 теміржол вокзалдарына барды.

Ұлытау облысында жаңғырту төрт – Жезқазған, Жаңаарқа, Қаражал және Қызылжар теміржол вокзалын қамтиды. Барлық объектілер бойынша «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынған, бұл жобалық шешімдердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.

Қарағанды облысында төрт жолаушылар платформасын қоса алғанда, 14 теміржол инфрақұрылымы нысандарында жұмыстар жүргізілуде.

Сапар барысында жалпы ауданы 17 мың шаршы метрден асатын еліміздегі ең ірі көлік тораптарының бірі – Алматы-1 вокзалына ерекше назар аударылды. Күн сайын вокзал арқылы 2,5 мыңнан астам жолаушы өтеді, ал объектінің өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамнан асады.

Нысанда жұмыстар белсенді фазада жүргізілуде. Жаңғырту шеңберінде тірек конструкцияларын күшейту, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және ғимараттың пайдалану сенімділігін кешенді арттыру жүргізілуде. 

Дайындықтың ең жоғары деңгейіне – ішкі әрлеу жұмыстарының 60% баруына қол жеткізілді, сыртқы инженерлік желілер – 57%, шатыр жабу жұмыстары – 55%. Темірбетон конструкцияларынан жасалған негізгі перрон құрылысы толығымен аяқталды.

Сонымен қатар инженерлік желілер, іргелес аумақты абаттандыру, конкорс құрылысы, жерасты өткелі және ілеспе жолаушылар инфрақұрылымы бойынша жұмыстар жалғасуда. Жолаушыларға жайлы болуы үшін және қауіпсіздікті арттыруға: заманауи күту залдарын  құруға, кедергісіз орта енгізуге, навигация жетілдіруге басты назар аударылады.

Жұмыстың жеке блогы объектінің сейсмикалық тұрақтылығын арттырумен байланысты.  Негізгі діңгек элементтерді күшейту жүзеге асырылып, ғимарат өңірдің сейсмикалық ерекшелігін ескере отырып, қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес келтіріледі. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңғыртылуда.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша құрылыс бақылауын күшейту, атқарылатын жұмыс сапасын қамтамасыз ету және жобаларды іске асырудың бекітілген мерзімдерін сөзсіз сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде