Ресей темір жолы жаңа капсулалы вагондарды таныстырды

Әлемде
13.05.2026, 13:49
Сурет: Трансмашхолдинг
Қазақстан теміржолшысы

Ресей темір жолы (РЖД) үйреншікті плацкарт пен купеге балама болатын бір кісілік капсулалы вагондардың жобасын көрсетті. Жаңа формат жеке жайлылық пен қолжетімді бағаға негізделген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мұндай вагондар алғаш рет бағыттарға 2028 жылға қарай шығады, ал әзірге компания вагондар паркін жаңартуға дайындалып жатыр. 

РТЖ жолаушылар үшін мүлдем жаңа форматтағы — бір кісілік жеке купелері бар капсулалы вагондарды дайындады. Бұл шешім алыс сапарға шығу туралы түсінікті өзгертуі мүмкін, себебі енді әр жолаушының өз жеке кеңістігі болады.

Әр капсулалы вагонда екі қабатты болып орналасқан 56 жеке орын қарастырылған. Капсула жан-жағы тұйықталған әрі дыбыс өткізбейтін кеңістік, бұл өзге жолаушылардан бөлек, тыныш демалуға мүмкіндік береді. Ішінде жарықтың екі режимі (жұмсақ және кітап оқуға арналған жарық), розетка, USB-порттар, жиналмалы үстел, аяқ жағында жүк салатын орын және жеке климат-бақылау жүйесі бар. Мұндай формат жеке кеңістікті қалайтын және купеге қарағанда ақша үнемдегісі келетіндер үшін таптырмас нұсқа.

Капсулалы вагондар бірден пайда бола салған жоқ. 2026 жылдың өзінде-ақ теміржол бағыттарына стандартты вагондардан гөрі кеңірек әрі ұзынырақ келетін жаңа «Т» өлшемді вагондар шыға бастайды. Оларда ұйықтайтын орындар ұзарып, бөлімдер саны артады. Ал осы платформа негізіндегі капсулалы вагондар 2028 жылға қарай ғана қатынай бастайды.

Жаңа формат, ең алдымен, жалғыз саяхаттайтындарға арналған. Балалы отбасыларға, топ болып жүретін достарға немесе жүгі көп жолаушыларға капсула ыңғайсыз болуы мүмкін, өйткені ол тек бір адамға ғана есептелген. Дегенмен, оңаша жүруді ұнататындар үшін бұл нағыз жаңалық болмақ.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті