Маңғыстауда теміржолшылар арасында аймақтық турнир өтті
Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Маңғыстау станциясындағы "Жеңіс" спорт кешенінде "Шағын футбол-2026" теміржол мекемелері арасында аймақтық турнир ұйымдастырылды.
Түбек теміржолының түкпір-түкпірінен теміржолшылар жиналып, бақ сынасқан жарысқа 12 команда қатысты. Қатысушылар саны көп болған сайын ойында жеңіске жету мүмкіндігі де қиындай түсті. Турнир сонысымен де қызыты болды. Тартысқа толы додада үздік командалар ғана алға шығып, ұйымшылдық пен спорттық рухтың үлгісін көрсетті.
Жүлделі бірінші орынды Маңғыстау локомотив пайдалану депосының ұжымы жеңіп алды. Екінші орынды Ақтау теңіз портының жігіттері алса, үшінші орын Маңғыстау вагон депосының командасына бұйырды.
Жеңімпаздар кубок, дипломдармен марапатталды.