Ақтау порты – АЭА қатысушысы

Жаңалықтар
16.05.2023, 15:57

Осы жылдың 12 мамырында "АТСП" ҰК" АҚ "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысы ретінде тіркелгенін растайтын тиісті куәлік алып, арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне тағы бір қатысушы ретінде толықты, деп хабарлайды Rail-news.kz аталған порттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін "Ақтау теңіз порты" АЭА басқарушы компаниясының алаңында "АТСП" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Турикпенбаев пен "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев  қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қою рәсімі өткен болатын.

"АТСП" ҰК" АҚ-ның "Ақтау теңіз порты" АЭА құрамына қосылуы ҚР ИИДМ Көлік комитеті, Маңғыстау облысының әкімдігі қолдаған және Ақтау портының бөлімшелері  іске асырған бірқатар бастамалар мен іс-шаралардың қисынды қорытындысы болды.

Бұдан басқа, АЭА аумағының құрамына Ақтау портының оқшауланған бөлімшесі - Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан "Баутино" жүк ауданы енгізіліп, жеке субаймақ құрылды.

Жоғарыда айтылғандай, АЭА шеңберінде берілетін артықшылықтар портты дамытудың инвестициялық жобаларын толыққанды іске асыруға ықпал етіп, қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бірінші кезектегі инвестициялық жобалардың қатарында Ақтау портының базасында контейнерлік хаб салу және портты заманауи қайта тиеу техникасымен толық жарақтандыру жобасы бар.

Ақтау порты үшін арнайы құқықтық режим 2028 жылға дейінгі мерзімге белгіленген және "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның жұмыс істеу мерзіміне сәйкес келеді.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды