Қазақстан мен Еуроодақ тасымал саласында ынтымақтастықты арттырмақ

Жаңалықтар
17.05.2023, 21:04

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Еуропалық Парламенттің депутаты Роман Хайдермен кездесіп, бірнеше бағытта екіжақты байланысты арттырудың жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Вице-министр айтқандай, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында түрлі салаларда ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша тығыз қарым-қатынас орнап, жемісті әріптестік жолға қойылған.

«Елімізде мемлекеттік саясатты ірі халықаралық бастамалармен ұштастыруға байланысты жақсы тәжірибе қалыптасқан. Кейінгі 15 жылда отандық көлік саласына 35 млрд доллар инвестиция тартылды. 2,5 мыңдай темір жол, сондай-ақ 13 мың шақырым автожол салынды. 13 транзиттік трансконтинентальді дәліз бен маршруттар жұмыс істеп келеді. Оның ішінде 5-уі теміржол  және 8-і автокөлік қатынасымен байланысты», – деді Динара Ринатқызы.

ҚР ИИДМ басшысының орынбасары кейінгі жылдары іске асырылған шаралар мен жобалар арқылы транзиттік тасымал саласында оң динамика байқалып отырғанын жеткізді. Мәселен, былтыр жүктерді көлікпен транзитті тасымалдаудың жалпы көлемі 26,7 млн тоннаға жетіп, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 12%-ға көп.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тұжырымдамаға тоқталсақ, министрлік бекіткен бұл құжатта транзитті дамыту және мультимодальды интеграция, тұрақты әрі қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз ету, тасымалдау қызметінің тиімділігін арттыру, көлік-логистикалық және онымен байланысты қызметтердің бәсекелестік нарығын дамыту, сондай-ақ аралас салалар қамтылғанын айта кетейік.

«Аталған тұжырымдама қолжетімді, тиімді және қауіпсіз көлік-логистикалық қызметтерді дамыту арқылы экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, тасымалдау процесін цифрландыруға, сондай-ақ шекара маңындағы сауда хабтарын дамытуға ерекше басымдық беріледі», – деді вице-министр.

Сонымен қоса тараптар экономикалық аймақтардың қызметі мен маңыздылығы туралы, роботтандыру саласындағы әлемдік тәжірибені және стратегиялық әріптестіктің Жол картасын зерттеу жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек кездесуде еліміздің көлік-логистикасы саласындағы әлеуетін дамыту, Транскаспий халықаралық көлік бағытының перспективасын, экономиканы цифрландырып, өнеркәсіпті автоматтандыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру арқылы цифрлы трансформацияны арттыру, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар мен аса қажетті шикізат саласындағы заңнаманы үйлестіру мәселелері талқыланды.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды