Қазақстан мен Қытай ЖОО-лары теміржол кадрларын бірлесіп даярламақ

Жаңалықтар
19.05.2023, 12:00

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің делегациясы Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтында болып, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ЖОО-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тараптар Қазақстан мен Қытайдың логистика саласындағы ынтымақтастығы аясында студенттермен алмасу, технологиялар трансферті, ғылым мен техника саласындағы ортақ жобалар және теміржол инженерлерін даярлау бағдарламасын іске қосуға уағдаласты.

«Келісім бойынша қазақстандық студенттер «1+3» бағдарламасы бойынша Қытайға оқуға баруға мүмкіндік алады. Бірінші оқу жылында олар қытай тілін үйренеді, ал келесі үш жыл бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандық алуға арналады. Қытай тарапы мұндай студенттерге шәкіртақы беріп, қолдау көрсетеді. Бұл ретте Сәтбаев университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты бір-бірінің оқу кредиттерін есептеп, студенттер мен оқытушыларды өзара алмастырып отырады. Оқу үдерісін жеңілдету үшін, Политехта Циньлин институтының базасы негізінде қытай тілі курстары ашылады», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ екі жақты ынтымақтастық аясында болашақта Сәтбаев Университетінің базасында Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтының филиалы құрылады деп күтілуде. Онда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің көлік және коммуникациялар саласына қажетті кәсіби мамандар даярлау үшін инновациялық зертханалар ашылып, темір жол көлігі мен логистика саласы бойынша халықаралық жобалар жүргізілмек.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды