Теміржол кәсіподақтарының конфедерациясы өтті

Жаңалықтар
23.05.2023, 10:32
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Армения астанасы Ереванда Теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясы (ТКХК) кеңесінің 65-отырысы өтті. Оған Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей кәсіподақтарының делегациялары қатысты.

ТКХК және Роспрофжел төрағасы С.И. Черногаевтың жетекшілігімен өткен жиынның күн тәртібінде он төрт мәселе қаралды. Алдымен ТКХК кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы Конфедерацияның бас хатшысы Г.Н. Косолапов таныстырды. Бұдан кейін ТКХК қызметіндегі ағымдық жағдай, сала еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, Конфедерация Конгресінің 7-ші шешімінің орындалуына қатысты кәсіподақтардың іс-әрекеті туралы кәсіподақ төрағаларының баяндамасы тыңдалды.

– Жиында ТКХК кәсіподақтарының шекаралық ынтымақтастығы туралы Меморандумның орындалу барысы және Жол картасының әзірленуі мен оның 2023 жылы іске асырылуы, ТКХК кәсіподақтары тарапынан өз елдерінің өңірлеріндегі темір жолдарда локомотив бригадаларының еңбек жағдайын тексеруі сөз болды. Сонымен қатар ТКХК-ның Еуропалық Көлікшілер федерациясымен өзара әрекеттесуі, 2023 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары да назардан тыс қалмады, – деді халықаралық жиынға қатысқан «Қазкөліккәсіп» ҚБ өкілі Қайрат Мұқанов.  

Отырыста ТКХК тарапынан өткен жылы атқарылған іс-шаралар қатысушылар назарына ұсынылған. Олардың қатарында былтыр 15-17 маусымда ТКХК бас хатшысының қатысуымен Алматыда өткен Қазкөліккәсіп Орталық кеңесі отырысы мен 2022 жылдың 28 маусымында Челябинск қаласында өткен Роспрофжел президиумының көшпелі жиынында ТКХК-нің жалпы саясатына сәйкес Роспрофжел мен Қазкөліккәсіп арасында ынтымақтастық және шекаралық өзара әрекеттесу туралы Меморандумға қол қою бар.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты